Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • Название страницы

    Мектептің ашылу тарихы 1955 жылдан басталады. МТС-тің жатаханасында бастауыш мектеп болып ашылған шағын білім мекемесіне   Н. К. Крупская есімі беріледі.1959 жылы жетіжылдық, 1963 жылы сегізжылдық, 1966 жылы 4 кабинет қосылып, орта мектеп болды. Басында тек қана орыс сыныбы болса, 1987 жылдан бастап бірінші рет қазақ сыныбы ашылады, 1997 жылы алғашқы қазақ сыныбы түлектері бітіріп шықты. 1992 жылы мектепке ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі беріліп, 2011 жылы 13 желтоқсанда 3 қабатты, типтік жаңа ғимаратқа көшірілді.2012 жылғы 31 тамыздағы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №761 бұйрығына сәйкес «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Мақатаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі «12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында Тірек мектебінде (РО) білім беру үрдісін технологияландырудың педагогикалық негіздері» тақырыбымен  2012-2017 жылдарға эксперимент алаңы болып  бекітіліп, М. Мақатаев атындағы тірек мектебі (РО) деген атау берілді. Мектептің Тірек мектебі болуына атсалысып, пед. ұжымның эксперимент жұмысына тартылуына, алғашқы кездескен қиындықтарды шешуде мектептің бұрынғы директоры, (қазір зейнетте) Айжан Болатқызы Иманованың еңбегі зор.

             2016 жылдан бастап білім мекемесі Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты Тірек мектебі (РО) деп аталады. Тірек мектебіне шағын жинақталған Т.Рысқұлов, Ә. Молдағұлова атындағы және Алға, Еңбекші, Жайсан орта мектептері тартылған.

             Эксперимент жұмысының ғылыми жетекшісі «ЕДТЕСН-КZ» халықаралық білім орталығының бас директоры, жоғары дәрежелі психолог Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың ұйымдастыруымен педагогика ғылымының  кандидаты, доцент Шолпан Шүйіншина, пед. ғ. д. проф. Жанартай Уәжитовна Кобдикова сияқты педагог ғалымдардың жетекшілігімен  білім беру үрдісін  технологияландыру ісі ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілді. Ғалымдармен бірлесе жасалған ғылыми әдістемелік жұмыстар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің шағын жинақталған мектептерді дамыту бөлімінің жетекшісі Әлия Сейсенқызы Әлімбекова тарапынан жүйеленіп, облыстық семинарларда, шығармашылық көрмелерде тәжірибелер көрсетіліді. Шығармашылық топ жетекшісі Шамшат Байбосынқызы Смағұлова экспериментатор мұғалімдердің  инновациялық технологияларды іс-тәжірибеге енгізудегі шығармашылық ізденістерін саралап, сауатты, жан-жақты орындалуына ықпал етіп, ауылдық мектептерде базалық және бейінді білім беруге арналған әдістемелік жұмыстардың, нұсқаулықтар мен сабақ үлгілерінің жинақталып таратылуын қамтамасыз етті.

    Эксперимент жұмысы 5 кезеңге бөлінген

    1. Теориялық кезең 2012-2013жж.
    2. Апробациялық кезең 2013-2014жж.
    3. Апробациялық кезең 2014-2015жж.
    4. Бақылау кезеңі  2015-2016жж.
    5. Қорытындылау кезеңі  2016-2017жж.

    2013 жылы мектебімізде «Тірек мектеп (Ресурстық орталығы) жағдайында білім беру сапасын қаматамасыз етуде оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың педагогикалық аспектілері» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық семинарға п.ғ.д. профессор Ж. А. Караевтың қатысуы оқу-тәрбие үдерісін технологияландыру ісіне жол ашты.

             Ғалым семинарда нақты пікірлері мен ойларын:

    1. Білім сапасы деген сөз -  қойылған мақсат пен нәтиженің сәйкестігін білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, пайымдау.
    2. Білім сапасы - бұл қойылған мақсат, алынған нәтиже. Ал нәтижеге деңгейлік тапсырмалар арқылы жетеді.
    3. Бала өзін анықтау керек. І деңгейге – зачет, ІІ деңгейге дамуды жетілдіремін. Ол мәселелерді шеше алса ғана жоғары деңгейге шыға алады.
    4. Оқулық тапсырмалар жүйесі арқылы жасалуы керек.
    5.  Оқулықта  белгілі бір жүйеде құралған 6 мақсатқа сәйкес тапсырма тапсырылады. Оқушы талдау, жинақтау, бағалаудан өтсе ғана функционалды сауатты болады.

    деген пайымдаулары арқылы бөліскен еді. Осы құнды пікірлер эксперимент жұмысы барысында, тәжірибе жүзінде анықталғанын өмір көрсетті.

    Эксперимент бағдарламасына  сәйкес магниттік мектептерде базалық және бейіндік оқыту мен тәрбиелеу,сапалы білім беру жұмысы оқу-тәрбие жұмыстарын интеграциялау  бірыңғай білім беру, бірыңғай әдістемелік кеңістігін құру негізінде іске асырылды.

    Тірек мектебінде базалық және қосымша білім беруді жүзеге асыруға арналған  оқу-әдістемелік кешендер: әр пәннің «ҮӘЖ» бойынша жасалған жұмыс дәптерлері, бағдарламалар, дидактикалық материалдар, үйірме жұмыстарының үлгілері, ҰБТ – ге дайындаудың әдістемелері дайындалды.  Бастауыш,5-11сыныптар арасында жүргізілетін оқушы тұлғасын дамытуға арналған сыныптан тыс жұмыстардың магниттік мектептерде де бір мезгілде өткізілуіне бірыңғай талап қойылды.

     2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың маусымына

    дейінгі  аралыққа  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Жоғары оқу орнынан кейінгі

    білім беру орталығы «ҮӘЖ» жекеменшік мекемесімен келісім шарт жасалды. Келісім шарттың негізінде күнтізбелік жоспар, ашық журнал,жұмыс дәптерлері жасалып сынақтан өткізіле бастады. Магниттік мектептерде «Тақырыптық жоспар мен жұмыс дәптерінің айырмашылығы», «Ашық журнал – оқушы білімінің даму деңгейін анықтаудың айқын көрінісі», «ҮӘЖ» технологиясы бойынша жасалған күнтізбелік жоспардың ерекшелігі» тақырыптарында семинар өткізілді. Аталған технология бойынша шығармашылық топ жұмыстары арқылы магниттік мектептермен бірыңғай даму кеңістігі құрылды. Жасалған жұмыстардың нәтижесі 2014 жылы 19 қыркүйекте «ҮӘЖ» орталығының директоры Ж. У. Кобдикова мен тренер Ш. К. Нұрманбетованың қатысуымен өткен «Оқушылардың өз бетімен білім алуына бағытталған оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы мен мазмұны»  атты семинарда талданып, сараптамадан өткізіліп, 6-7 сыныпқа арналған оқулық жазудың авторлық құрамына екі мұғалім алынды. Нәтижесінде 2014,2015 жылдары 6-7 сыныпқа арналған география пәні оқулығы «Мұғалім кітабы» мен жұмыс дәптері, «Оқушы кітабы» оқу-әдістемелік кешендерімен  «Арман-ПВ» баспасынан шығарылып, қолданысқа енгізілді.         

             Директордың экперимент ісі жөнінідегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Жексенбаеваның «Бастауыш сатыда білім беру мазмұнына енгізілген жаңалықтар» тақырыбындағы ата-аналармен өткізген дамыту семинары, «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны», «Критериалды бағалау ерекшеліктері», « Қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі кері байланыстың маңызы», «Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары» атты коучингтері  бастауыш сынып мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңартуды тәжірибелік кеңес, іскерлік ойын барысында меңгеруіне мүмкіндік туғызды.

    Магниттік мектептермен жұмыс – ауылды, отбасылық тәрбиені сақтай отырып, оқу-тәрбие жұмысын дамыту. Сондықтан ауыл мұғалімдерінің сессия кезінде дуеттік сабақтар беріп, «ҮӘЖ» технологиясымен сабақ жүргізуді өз мектептерінде жалғастыруы, олардың аталаған технологияның идеясын түсініп, тәжірибеде қолдануы оқушылардың өздігінен білім алуына функционалдық сауаттылығының қалыптасуына септігін тигізді.

             Магниттік мектеп мұғалімдерінің шығармашылық деңгейінің өскендігін оқушылардың функционалдық сауаттылығына баса көңіл бөлініп, өздігінен білім алу дағдыларының қалыптасқандығын  Алға орта мектебінің ҰБТ қорытындысы бойынша алғашқы бестікке енуінен, облыстық тарих пәні  олимпиадасында  Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептен  Гүлғайша Уалиева ІІ орынды, аудандық пән олимпиадасында Алға орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Меруерт Пірімбердиева І орынды, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ Ұлттық білім академиясы Орта білім институты Жаратылыстану – математикалық білім зертханасының меңгерушісі Ш. Шүйіншинаның  қатысуымен өткен сабақтарды талдау қорытындысы бойынша Еңбекші орта мектебінің мұғалімдері Ғазиза Оспанова, Дания Төлетаева, Жансұлу Дуанбаева, Жайсан орта мектебінің мұғалімдері Айткүл Оңалбаева, Айгерім Тұрсағалиева, Алға орта мектебінің мұғалімі Гүлайым Смағұлованың  марапатталуынан көреміз. 

             Әр сессия сайын ғылыми жетекші Ғани Бектайұлы  Бейсембаев тірек және магниттік мектеп ата-аналарымен ата-ананың қоғам алдындағы рөлі, мектептің  ата-ананың сенімін ақтауы, мұғалім имиджі сияқты мәселелер төңірегінде психологиялық тренингтер өткізіп, оқушылардың тұлғалық қасиетін дамытудың негізгі себептерін көрсетіп,бағыт беріп отырды. Ғани Бектайұлының  мұғалім имиджі, абыройын  көтеруге арналған пайымдауларын әлем психологтарының зерттеулерін келтіре отырып, нақты мысалдармен баяндауы мұғалімдерге ой туғызып, қозғау салады. Ғалым негізгі мәселені бейіналды даярлықтың қандай құзіреттілікпен келетініне, мәселені шешудің өзектілігін үнемі назарда ұстауға көңіл аудартады. Осындай бағыт-бағдар, ғылыми болжамдардан соң ата-аналар мен мектеп арасындағы мәселелерді ауқымды іс-шаралар арқылы шешу мақсаты туындады. 2015жылы ақпан айында өткізілген  «Қазақы тәлім-тәрбие құндылықтары»  атты ата-аналар форумында тірек және магниттік мектептердің көрмесі жасалып, ата-аналар арасында «Менің әулетімнің дәстүрлері», сынып жетекшілері арасында  «Балалық шаққа саяхат» атты шығарма байқауларының қорытындысы шығарылып, «ҮӘЖ» технолгиясымен жасалған ата-аналарға арналған тәрбие сағаттары, дөңгелек үстөл, коучинг жүргізілді. 100 ата-ана, магниттік мектеп әкімшіліктері қамтылған форумда ең бастысы: ата-аналар мектепте жүргізіліп жатқан білім беру үдерісін технологияландырудың мәнін түсініп,  «ҮӘЖ» технолгиясы бойынша өздігінен білім алудың тиімділігін тәжірибе жүзінде байқады.

              2017 жыл-экперимент жұмысының соңғы, қорытынды кезеңі, қорытынды кезең - тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Ауылдағы шағын жинақты мектептердегі білім беру үдерісін технологияландыру, дамыту әр жыл сайын еліміздің тәуелсіздік белесіне аттаған қадамына қосылған үлес.  Мектептің 5 жылға арналған даму жоспары, оның орындалуы үнемі тәуелсіздік ұғымымен, тарихымен байланыстырылып отырды.

             Тәуелсіздіктің әрбір белесінен өткен сайын науқаншылдыққа бой алдырмай, мектепшілік  жүйелі бағдарлама жасап, тәуелсіздікті дәріптеу арқылы жас ұрпақтың тағылым алып, рухани өсуіне шығармашылық топ жетекшісі Шамшат Байбосынқызы Смағұлова ықпал етуде.Ол мектеп тәжірибесінде бірініші рет өткізіліп жатқан оқушылар конференциясы, оқушылар форумы, ата-аналар форумы, бастауыш сыныптар арасындағы  Абай, Махамбет, Мұқағали, шешендік сөз оқу байқауларының ережелерін жасап, тәжірибеге енгізіп оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналардың мектеп өміріне етене араласуына,құзіреттілігін қалыптастыруға күш жұмсады.

     Оның жетекшілігімен  мектебімізде  2012-2017 жылдарға арналған «Тәуелсізідік тағылымы» бағдарламасында:

    2013 жылы 24 сәуір күні «Тәуелсіздік тағылымы» және ресурстық орталық»,

    2014 жылы 24 сәуірде «Тәуелсіздік тірегім»,

    2015 жылы 24 сәуірде «Мәңгілік ел – еліміздің болашағының бейнесі» атты оқушылар конференциялары,

    2016 жылы « Азаттық жолындағы күрестер – тәуелсіздік жеңісі». оқушылар форумы

    2017 жылы «Мәңгілік ел – Мәңгілік мақсат» атты оқушылар форумы жоспарланған, ретімен әр оқу жылының соңында өткізілуде. Мысал келтірер болсақ:

             2016 жылғы оқушылыр конференциясының ауқымы кеңейтіліп, форум түрінде өтті.Оқушылар  форумында еліміздің тәуелсіздік жолындағы күрестері, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлытау ұлағаты», «Мәңгілік ел» болу идеясы туралы оқушылардың үздік шыққан баяндамалары тыңдалып, магниттік мектеп оқушылары  делегациясы, атап айтқанда: Ә. Молдағұлова орта мектебі «Ата-баба аңсаған мәңгілік ел», Т. Рысқұлов орта мектебі «Ұлт азаттық көтеріліс – тәуелсіздік үшін күрес», Алға орта мектебі «Алашорда үкіметі – тәуелсіз ел болудың үлгісі», Еңбекші орта мектебі «Тәуелсіздік және біз», Жайсан орта мектебі «Тәуелсіздік  - желтоқсанның жеңісі», М. Мақатаев тірек  мектебі «Мұқағали және Тәуелсізідік» тақырыптары бойынша жан-жақты ізденістерін көрсетіп, топтық ғылыми жоба жұмыстарын қорғады,

     мектеп мұражайына тақырыптарын ашатындай макеттер жасап, қолтаңбаларын қалдырды. Іс-шара соңында  тірек және магниттік мектептің 8-11 сыныптар оқушылардың  жыл бойғы жұмыстары сараланып, «Жыл көшбасшысы», «Жылдың үздік сыныбы», «Жылдың үздік оқушысы», «Үздік шығарма», «Үздік көркем әдебиет оқушы», «Үздік магниттік мектеп газеті», «Үздік күнделік жүргізуші» аталымдары бойынша марапатталды.

    Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек мектебі пед. ұжымының  шағын жинақты мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің сұраныстарын қанағаттандырып, шығармашылық деңгейін кәсіби бағытқа бейімдеп, интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеудегі эксперименттік жұмыстар аясында жасалып жатқан жұмыстары әр кезде өз бағасын алып жүр. Мектебіміз Республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауында әдістемелік жұмыстар бойынша жасаған көрмесі жоғары бағаланып, «Үздік көшбасшы» аталымын иеленді. Мектеп директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимова мен Анар Ермекқызы Баетованың «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті  қызметкері», медалінің иегері болуы, директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Жексенбаеваның, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Айзада Қазбекқызы Пазылбекованың облыстық білім басқармасының  « Құрмет» грамотасымен марапатталуы, Анар Ермекқызы  Баетованың қазан айында  Астана қаласында өткен «Үздік педагог» байқауында «2016 жылдың үздік педагогы» иегері,  математика пәні мұғалімі  Гүлбағира Көшкінбайқызы  Есболғанованың облыстық олимпиада да ІІІ орынға, ие болуы, 2 оқушы алтын белгі, 2 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа, 11сынып оқушысы Ноғайбай Ерзаттың  халықаралық ғылыми жоба байқауына математика пәнінен қатысып, екінші орынға ие болуы, мектебіміздің  қатарынан екі жыл облыстық рейтингте «Өзін-өзі дамыту бағытындағы мектеп» номинациясымен бірінші орынды иеленуі -  жасалып жатқан тың тәжірибелердің іске асуының дәлелі, мектебіміздің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына толағай табыстармен келгендігінің  куәсі.

    Бүгінігі таңда мектеп «Қазақстан балалары нұрлы жолмен» акциясы аясында «Даналардың ізімен – Нұрлы жолға» бағытын ұстанып, жоғарыда аталған іс-шараларды ұлы Абайдың «Бес асыл ісі»:Талап, Еңбек, Терең ой,  Қанағат, Рахымға жүйелеп, жіктеп енгізіп отыр.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки