2024ші жылдың 14 қарашасы күні Мұқағали Мақатаев атындағы Тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыстың басты мақсаты– жасөспірімдер арасындағы тәрбиелік мәселелер, уақытты тиімді пайдалану және отбасылық қатынастардың маңыздылығы болды. Жиналыстың эпиграфы ретінде Абай Құнанбайұлының шығармасынан алынған мына өлең жолдары таңдалды:
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой...»
Бұл өлеңнің мазмұны бүгінгі жастардың болашағына деген алаңдаушылықты ашық көрсетеді. Өйткені, көп жағдайда жасөспірімдер өздерінің бос уақытын дұрыс пайдалана алмай, ұсақ-түйек нәрселерге бола бір-бірімен таласып, жалған шағымдармен айналысады. Мұндай жағдайлар олардың өміріне теріс әсер етіп, кейін өкінішке ұшырататыны белгілі.
Жиналыс барысында Баян Ниятуллаевна мектептегі тәрбие жұмысын жақсарту, оқушыларды еңбекке баулу, олардың психологиялық жағдайын бақылау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар, ата-аналарға өз балаларының өміріне белсенді араласып, оларды дұрыс бағытта тәрбиелеу қажеттілігі де айтылды.
Баяндамада баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ата-ананың ықпалы мен қолдауы өте маңызды екені баса айтылды. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс, өзара түсіністік болашақ ұрпақтың тәрбиесіне зор әсер етеді.
Жиналыс соңында ата-аналар арасында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, түрлі ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Барлық қатысушылар мұндай жиналыстардың тәрбиелік мәні жоғары екенін, жастарға дұрыс бағыт көрсету үшін бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Уақыттың мәні, босқа таласудың мағынасыздығы мен шынайы өмірдің құндылықтарын түсіну әрдайым өзекті. Бүгінгі күннің мәселелерін бірге шешу, болашақ ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуіне үлес қосу әр ата-ананың парызы екені анық.Бүгінгі кездесу ерекше форматта ұйымдастырылды.Шебер ұстаздар Баетова Анар,9«ә»Ахина Жұлдыз,физика пәнінің мұғалімі Сайлаубаев Бекнар,математика пәнінің мұғалімдері Балхожаева Айнур,Иманбаева Сәуле, 9«в»сынып жетекшісі:Сидикова Айдана өзекті мәселеге бей-жай қарамай өз тәжірибелерімен бөлісіп,қандай жағдай болсада көмекке дайын екендерін білдірді