12.11.2024 жылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде "ДОС БОЛАЙЫҚ" акциясын жүзеге асыру мақсатында 9 - шы сынып оқушыларымен "Достық қымбат өмірде!" тақырыбында тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту. Қатысқандар: ДҚТІЖО- Мырзаханова Л.А , мектеп психологтары , сынып жетекшілер, 9 - шы сыныптар- 93 оқушы.
Барысы:
Мектеп психологтары «Достық қымбат өмірде» тақырыбында тренинг жүргізді.
1.«Достық. Бірлік» үйін салу. Балалар,біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. 2. «Құстар үйірі» ойыны. Қазір барлықтарың кішкентай құсқа айналасыңдар. Сендер құстар әуенмен ұшасыңдар. Бір-біріңмен соқтығысып қалуларың мүмкін, абай болыңдар. Менің нұсқаулығым бойынша кішігірім үйірлерге жиналасыңдар, үйірдегі құстардың санын мен атаймын».
3.Ертегі құрастыру (слайд бойынша)
Қорытынды: Достықтың екі түрі болады.Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Адал достық–өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, сондықтан балалар адал достықты таба біліңдер.
Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі тренинг сабағымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.