Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • /

    Балалар әдебиетінің бәйтерегі - Бердібек Соқпақбаев

    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазан айының 16-шы жұздызында ресурстық орталықтың дамыту блогы аясында балалар әдебиетінің классигі, белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Балалар әдебиетінің бәйтерегі - Бердібек Соқпақбаев” атты танымдық сағаты өтті. Мақсаты: қаламгердің шығармаларын насихаттап, артында қалған әдеби мұраларын жаңғырту. Танымдық сағатты ұйымдастырушылар: 9 “Ә” сынып жетекшісі және сынып оқушылары. Танымдық сағат жазушының өмірі туралы түсірілген бейнероликпен басталып, оқушылардың қаламгер жайлы жинап келген деректерін ортаға салуымен жалғасты. Сынып оқушылары жазушының қолынан шыққан кітаптарын оқып, түйген ойларын ортаға салды. Атап айтсақ, Жұмаханқызы Алина “Он алты жасар чемпион”, Нұрмаханбет Алуа “Жекпе жек”,
    Қанатова Аяулым “ Бір қалта құрт”, Қазыбек Нұрзада “Өлгендер қайтып келмейді” шығармаларын өздері оқып қана қоймай, көпшілікке оқуға кеңес берді. Ақжол Еркежан жазушының “Балалық шаққа саяхат” шығармасынан үзінді оқып, жазушы ғұмырының қилы тұстарын әңгімеге тиек етті. Қалың оқырманның жүрегінен орын алған “Менің атым Қожа” фильмінен алынған үзіндіден көрініс көрсету сәтінде Бақытжан Абылай Қожаның ролін нақышына келтіре сомдады. Сынып оқушылары көрініс қою барысында өздерін тағы бір қырынан сынап көрді. Ұйымдастырушылар танымдық сағат соңында жазушының кітаптарының онлайн нұсқасын оқуға кеңес бере отырып, қаламгер туындыларының QR коды басылған парақшаларды оқушыларға ұсынды. Магниттік және тірек мектеп оқушылары кері байланыс парақтарындағы сұрақтарға жауап беріп, тақырып туралы өз түйгендерін ортаға салды. Бұл танымдық сағатқа көрермен ретінде 9 “Ә” сынып ата-аналары да қатысты. Ата-ана Г. Жаутикова сөз сөйлеп, бүгінгі кештің әсерлі болғандығын айтып, балалық шаққа саяхаттап келгендей әсерде болғандықтарын жеткізді. Ата-ана Копжанова С.Т Мектеп ұжымына осындай игі істерді атқарып жүргендіктері үшін ата-аналар атынан алғыс білдірді. Магниттік мектеп мұғалімі ______________ танымдық сағат тақырыбының маңызды екендігін айта келіп, оқушыларға сәттілік тіледі.
    ДҒІЖО Айзада Қазбекқызы танымдық сағаттың ұйымдастырылу деңгейіне баға беріп, сынып оқушыларының үнемі тек алда жүретінін тілге тиек етті.
    Сөз соңында ДЭІЖО Баян Ниятуллақызы
    оқушыларға көркем әдебиет оқуды әдетке айналдыру керек екенін, әр оқушы оқу арқылы рухани байлық жинау керек екенін нақты айтты. Ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

    ,
    17.10.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки