Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего) КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
15.12. 2022 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ресурстық орталығы кезекті сабақ жоспары бойынша , Еңбекші мектебінде үйірме жетекшілері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Қ.Шұратбаева мен Б.Құсаинова «Ақын- ұлттың жүрегі, шешен- көптің тірегі» атты интеллектуалдық сайыс сабағын өткізді. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Олай болса, сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйретіп,топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу еді. Интеллектуалдық ойын 8 айналымнан құрастырылған. Оқушылар Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би болып үш топқа бөлінді. Әр топ өзінің шешен тілімен, ой ұшқырлығымен тіл байлығымен ерекшеленіп, топ басшылары өздерін таныстырды.Барлық кезеңде топ басшылары мен сайыскерлер белсенділік танытып, әділқазылар алқасының әділ шешімімен жеңімпаздарды марапаттады.Сайыс соңында М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) эксперимент ісі жөнінде орынбасары Б.Джексенбаева, Еңбекші мектебінің ұстаздары мен оқушыларына алғысы мен ризашылығын білдірді. «Бүгінгі жастар ілім –білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет"- деп жылы лебізін жаудырды. Интеллектуалдық сайыс соңында әр топ басшылары мақтау қағаздарымен марапатталды.