Меню KDT

logo7.png?_=1

Организации среднего образования(начального, основного среднего и общего среднего)  КГУ "Опорная средняя школа (Ресурсный центр) имени Мукагали Макатаева"
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессияаралық кезеңінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 4 қаңтар күні "Сабақты зерттеу негізгі нысандардың бірі - рефлексия" тақырыбында Нұрлыбекқызы Мақпал, Балхожаева Айнура инновациялық-әдістемелік кеңес өткізді. Семинарда рефлексия туралы білім толықтырылып, сабақта рефлексияны қолдану жолдары айтылып, топтық жұмыста постер қорғау арқылы мұғалімдер тақырыптың теориялық тұрғыдан мәліметтер беріп, өз білімдерімен бөлісті. Постерлерді "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен топтық бағалау жүргізілді. Жоғарыда аталған мұғалімдер өз сабағында зерттеу барысында қолданған рефлексия әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Семинарға серіктес және магниттік мектептерден Жайсан, Алға, Еңбекші орта мектептері, Ш.Мұртаза атындағы орта мектебі қатысты. Кеңесті қорытындылау кезінде қатысқан мұғалімдер сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдіріп, алғыс айтты. Әдістемелік кеңес сонында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбаева қатысқан ұстаздарға алғыс айтып, қорытындылады.


    06.01.2024ж

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки