Алға орта мектебінде 2025 жылғы 3 ақпан күні кезекті қысқы сессия басталды.Сессия барысында М. Мақатаев тірек мектебі ресурстық орталығы директорының орынбасары Баян Ниятуллаевна бастаған және де басқа да пән мұғалімдері келіп, мектебіміздің 8-9 сынып білім алушыларының қатысуымен "Кітап- ақылшы дос" тақырыбында танымдық сағат өтті. Дамыту блогы – бұл білім мен тәжірибені бөлісуге, жаңа дағдыларды игеруге және аудиториямен байланыс орнатуға арналған пайдалы құрал.
Мектеп оқушылары: Әзімбай Бибінұр, Абылайхан Инабат, Абылайхан Сезім, Кәмкебай Әдемі, Мұратханұлы Ділнұр,Әлдибай Бекжан,Есболқызы Айыасыл, Кенесбай Ақмоншақ т.б білім алушылар кітап желісі бойынша әр түрлі тақырыптағы шығармаларын баяндай келе,түрлі сауалдарға жауап беріп, ойларын ортаға салды. Соңында Баян Ниятуллаевна оқушыларға ізгі ниетін білдіріп, алдағы уақытта бұдан да жақсы дүниелер күтетінін жеткізді. Дамыту блогының соңында, сөзі Қ.Алагөзовтың, әні Қ.Молжанов"Қазақ тілі" әніменен бүгінгі кешімізді патриоттық сезімде аяқтадық!