Меню KDT

logo7.png?_=1

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Елім деп өткен – Ер Махамбет

    10.03.2023ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) көктемгі сессияның басталуына орай 2023жылдың 3ші сәуірінде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен танымдық сағаттар топтамасы өткізілді. Осындай бір танымдық сағатты 9«Б» сыныбының сынып жетекшісі Омбаева Гүлнұр Бақытқызы «Елім деп өткен Ер Махамбет» тақырыбында өткізді. Танымдық сағатты дайындау барысында Омбаева Гүлнұр Бақытқызына қазақ тілі пәні мұғалімі Абитаева Жанерке Нұрмұхамбетқызы бағыт-бағдар беріп, оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдаса, Шу аудандық мәдениет үйінің “Актер шеберлігі” үйірмесінің жетекшісі Мақсұт Мақсат Берікұлы актерлік шеберліктерін ұштады. Танымдық сағат барысында 1836-1838 жж Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен шаруалар көтерілісінің себептері, барысы, нәтижесі жайлы мағлұматтар беріліп, Жәңгір хан мен Махамбет арасындағы қарым-қатынас, Махамбет пен Исатай арасындағы қарым-қатынас тарихи сахналық қойылыммен айшықталды. 9 «Б» сынып оқушылары Махамбеттің ұзақ жырларын жатқа оқып, күйлерін орындады. Соңында Махамбеттің өлімін жырға қосатын М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасының желісімен сахналық қойылым көрсетілді. Танымдық сағат оқушылар мен ұстаздардың жүрегін шымырлатып, көңілінен шықты, оқушылар көптеген қосымша мәліметтер алы


    Шынның жүзі – Шераға 90жаста

    13.03.2023ж
    Мұқағали Мақатаев тірек орта мектебінде сессия уақытында 10 «А», «Ә», «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза 90 жыл «Шынның жүзі-Шераға» атты тақырыпта танымдық сағат болып өтті.Сабақтың мақсаты: көрнекті қайраткер, Қазақстан журналистерінің бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ғажайып қаламгер Шерхан Мұртазаның өмір жолы мен еңбек жолын жас ұрпаққа таныстыру, адамның өмір жолы ақ пен қарадан тұратынын, осы жолда жазушы шығармаларын оқу арқылы жақсылыққа бойлау, жаман деген кесепаттан бойын аулақ салып, адамдық жолына бойлай беру жас буынға насихатталды.
    Мектебіміздің 8 «Ә», 10 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары жазушының «Бір кем дүние» ойтолғауынан: «Ойлан ,қазақ», «Намыс қайда», «Баукең солақай емес»,«Құмырсқа ғұмыр», «Кітап қасиеті» , «Жалғыз бала» уайымы», «Қымыз», «Мектеп қартаймайды», «Келіншек тау», «Имансыз болма» .«Ай мен Айша» романынан: «Жолашар», «Сандуғаш сандық», «Ай шуақ күндер», «Қырғыз ата», «Интернат наны», «Айша о дүниелік балаларын уайымдайды», «Жілігімді жағайын». Мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Бодаубек Назерке «41-жылғы келіншек» әңгімесінен үзіндіні жатқа оқыды. «Тәуекел той» әңгімесінен оқушылар қойылым қойды. Шерағаның өмір жолы өнегеге толы. Жас ұрпаққа берері көп. Жас ұрпақ Шерағасын таниды, оқиды, өмір жолынан сабақ алады.

    Кенесары Қасымұлының туғанына – 220жыл

    15.02.2023ж
    Ақпан айының 13-ші күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) директордың эксперимент - ісі жөніндегі орынбасары Жексембаева Б. Н., Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Абдикасимов К. Б., ағылшын тілі пәні мұғалімі Сырымбетова Ш. М. , 9 "Ә" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Кенесары Қасымұлының тұғанына 220 жыл" атты танымдық сағат жоғары деңгейде өтті.
    Мақсаты: Қазақтың батыры, көшбасшысы, соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ерліктері туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу болатын. Осы мақсатта оқушылар Кенесары туралы жырларды, Кенесары монологын зор-толғаныспен көрермендердің жүрегіне жеткізе білді. Танымдық сағатта "Соңғы көш", "Кенесары ханның түсі" атты көріністер қойылды.
    Ұстаздар, көрермен оқушылар Кенесары хан туралы білгендерін ортаға салып кері байланысқа шықты. Кештің соңында "Көк тудың желбірегені" әнін залдағы көрермендермен бірге шырқалды.

    А.Байтұрсыновтың туғанына 150жыл

    15.06.2023ж
    Мектебімізде Ахмет Байтұрсыновтың 151 жылдығына орай "Қазақтың болашағы қазақ тілінде» атты танымдық сағаты өтті. Мақсаты: ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Танымдық сағат ақынның «Қасқыр мен лақ» шығармасынан көрініс қоюмен басталды. 9 «А» сынып оқушылары ақынның туылған жері туралы, білім алған және жұмыс жасаған жері мен еңбектері туралы, сонымен қатар ақынның жазған өлеңдерін нақышына келтіріп оқып шықты. Жансары Арайлым мен Қонысбай Жанель «Балбырауын» күйін тамаша орындап шықты.

    Д.Исабековтің туғанына-80жыл

    07.02.2023ж
    2023 жылы 6 ақпанда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8 «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Дулат Исабековке 80 жас» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Дулат Исабековтың шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру. «Әпке» романын түсіну, талдау. Танымдық сағат барысында Дулат Исабековтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтер берді. Романдарын жеке-жеке талдап, «Әпке» романынан жан тебірентер үзінді көріністер қойды. Қабеннің рөлінде – Опабек Нұрдәулет, Қамажайдың рөлінде – Өмірзақ Балжан, Тимурдың рөлінде – Мұсақұл Азамат. «Жақсы адамдарым» әнін орындады. Сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур.


    Қаз дауысты Қазыбек би

    03.02.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Р.О) 03.02.2023 жылы 8 «Б»сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Қаздауысты Қазбек бидің тұрғанына -335 жыл»тақырыбында танымдық сағат өтті
    Мақсаты: Оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі-қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орнын, шешендік сөздерін талдап;қаншама ғасыр өтсе де өскелең ұрпағына өшпес із қалдырған бабамыз жайлы әңгімелеу.
    2.Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау,есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып,өз пікірі бар сауатты оқушы тұлғасын қалыптастыру.
    3.Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге,өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілік имандылық және парасаттылыққа тәрбиелеу.
    Танымдық сағат барысында оқушылар Қаздауысты Қазбек Би туралы мағлұматтар беріп, оның нақыл сөздері, шешендік өнеріне тоқталып,Қазбек бидің қазақ халқына қалдырған - өшпес сөздері туралы айтып,не себепті Қаздауысты Қазбек би аталғаны туралы көріністер көрсетті.Тәуелсіздік,Отан,тіл туралы ән айтты.

    Дәуірдің дара тұлғасы – М.Әуезов

    07.02.2023ж
    2023 жылы 2 ақпанда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 8 «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Дәуірдің дара тұлғасы Мұхтар Әуезовке 125 жыл» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: М.Әуезовтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Танымдық сағат барысында Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтер берді. Романдарын, пьесаларын жеке-жеке талдап, «Еңлік Кебек» пьесасынан жан тебірентер драмалық қойылымдар қойды. Еңлік рөлін сомдаған – Есенқұл Асылайым, Кебек рөлін сомдаған – Әзімжан Қайсар, Нышан абыз рөлін сомдаған – Пахритдинов Бекарыс. Дербес Елнұр және Әзімжан Қайсар «Жаным қазақ» әнін орындады. Сынып жетекшісі Медеубаева Әйгерім.


    Қазақ даласының қайсар қызы–Мәншүк Мәметова

    02.02.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 1 ақпан күні 8 "А " сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Қазақ даласының қайсар қызы - Мәншүк Мәметова" тақырыбында танымдық сағат өтті.
    Мақсаты: Кеңес Одағының батыр қызы Мәншүк Мәметованың ерлік істерін дәріптей отырып, оқушыларды ерлікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
    Танымдық сағат барысында оқушылар Мәншүк Мәметова туралы өлеңдер оқып, оның ерліктері туралы, Анасына деген сағыныштары туралы жан тебірентер көріністер көрсетті. Отан туралы ән айтып, би биледі.

    Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің Бахадүрі

    02.06.2023ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) сессияаралық кезеңде директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының бастамасымен танымдық сағаттар өткізілді. 2023 жылдың 23 мамырында Жайсан ауылы Жайсан орта мектебінің 8-9 сыныптар арасында және 26 мамыр Алға ауылы Алға орта мектебінің 8-9 сыныптар арасында тірек мектебінің «Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі» атты үйірменің жетекшісі Асенова Қазына Темірханқызы «Ұлы дала елінің бахадүрі - Сұлтан Бейбарыс 800 жыл» тақырыбында 5ылыми жоба ретіндегі дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларға айбынды қолбасшы, дана саясатшы, өз ұлтының адал перзенті, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарыстың өмір жолы туралы араб тіліндегі бұрын қазақ оқырманына белгісіз болып келген деректерді жеткізу болды. Ата-бабаларымыздың мұрасын білу, біліп қана қоймай оны зерттеп, оған ие болу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені даусыз. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, «Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік» деген екен. Аталған екі мектептің де оқушылары жоғары қызығушылықпен дөңгелек үстелге ат салысты, өз ойларын жеткізе біледі, білім атты қоржындарына тағы бір батыр туралы мағлұматтарды жинап қайтты. Дөңгелек үстел соңында кері байланыс жасап дөңгелек үстелден алған әсерлерін шығарма түрінде жазып өткізді. Келесі оқу жылында осы тақырып жалғасын табады.


    «Бірлігіміз жарасқан» «1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі»

    29.05.2023ж
    2023 жылдың мамыр айының 10-ы күні М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) мұғалімдері, үйірме жетекшілері Абдукаимова Фаризат және Қайыржанова Гулмираның ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінде «1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі» күні мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, өз Отанын сүюге, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға, біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін дәріптеу және жас буынның шығармашылық қабілеттерін нығайту, ұлттық сана – сезімі қалыптасқан, ұлттың мүдденің өркенднуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар мен жалпы адамзаттың құндылықтарды өзара ұштастыра алатын тұлғаны тәрбиелеу, 8-9сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында сайыс сабақ жоғары деңгейде өтті. Сайыс сабақ 5кезеңнен тұрды.
    Бірінші кезең: Таныстыру
    Екінші кезең: «Өнерілінің он қолы бар» (ұлттық сән үлгісін көрсету)
    Үшінші кезең: «Ән көңілдің ажары, мың бұралған бишілер» (ән немесе би, өз өнерлерін көрсету)
    Төртінші кезең: «Ас адамның арқауы» (ұлттық тағамдар көрінісі)
    Бесінші бөлім: «Әрқашан күн сөнбесін» (сурет салу, сол жерде)
    Әр сынып оқушылары: қазақ, орыс, түрік, кәріс, украин ұлты болып бөлініп, әр ұлт өкілдерінің тағамдарын жасап алып келіп таныстырып, әр ұлттың тарихын дәстүрін дәріптеп, әр ұлттың өнерлерін көрсетті.
    Сайыс соңын М. Мақатаев атындағы тірек орта мектеп (РО) директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева және Ш.Мұртаза атындағы орта мектеп директорының орынбасары Қ.Мейрманова қорытындылады.

    Әпке романы

    26.03.2023ж
    2023жылдың сәуір айының 25 күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына 8 «в» сынып оқушыларының дайындаған жазушының «Әпке» драмасы магниттік шағын орталықты Алға орта мектебінде сахналанып, қойылды.
    Мақсаты:-Шығарма мазмұнын игере отырып,туындыда көтерілген әлеуметтік мәселені ұғындыру;
    -Драмадағы әр тұлғаның жеке адами көзқарасын туындату арқылы отбасы құндылығын түсінетін ой қалыптастыру;
    - «Әпке» драмасының мағынасын түсіну,идеясын ашу, талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу;
    - «Әпке» драмасының мейірімділік,төзімділік,сыйластық, адамгершілікке жетелейтін қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіре білу. Бұл танымдық сағат 8 «в» сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур Бейсенбайқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шайдахметова Гүлнар Сүйімбекқызының басшылығымен дайындалды.Оқушылар жазушының өмірінен деректер келтіріп,драма желісінің сюжеті бойынша отбасы құндылығына,мейірімділікке,төзімділікке төзе білген,бауырлары үшін өз өмірін тәрк еткен Қамажайдың бейнесін Өмірзақ Балжан сомдаса,ғашық болған Қабеннің бейнесін Опабек Нұрдәулет,бауыры Тимурдың ролін Мұсақұл Азамат нақышына келтіріп орындап,көрермендер жүрегінен орын алды. Көрермен ретінде Ә.Молдағұлова орта мектебінің,Ш.Мұртаза орта мектебінің,Алға орта мектебінің,Жайсан орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері келіп тамашалады.Олар да өз ойларын ортаға салып,қойылған кері байланыс сұрақтарына жауап беріп,оқушыларға болашақта жоғары деңгейде көрінулеріне тілектерін білдірді.Қонақ ретінде шақырылған Смағұлова Шамшат тәтей,мектеп директоры Е.Примбердиев алғысын білдірді.

    Дебат сөз додасы

    21.02.2023ж
    20 ақпан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ро) сессия жоспары бойынша 8-9- сынып оқушыларының қатысуымен «Дебат – сөз додасы» атты пікірсайыс турнирі өтті. Дебат қарары «Кітап па, әлде интернет пе?» және «Бақыттың кілті байлықта деп есептейді». Дебатқа төрт фракция қатысты «Алаш орда» және «Парламент», «Алаш» және «Ұшқын» фракциялары. Нәтижесінде «Парламент» және «Алаш» фракциясы жеңіске жетті. Дебатқа төрелік еткен тарих пәнінің мұғалімі Абдикасимов Қанат ағай және Рахым Даниял. Ұйымдастырушы Кайбагарова Нұрзада


    Озат тәжірибе мектебін құру

    10.04.2023ж
    2023 жылдың сәуір айының 4і күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен көктемгі сессия кезінде «Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге «Озат тәжірибе мектебін құру» тақырыбында «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалінің иегері, география пәні мұғалімі Баетова Анар Ермеккызы теориялық семинар өткізді. Семинарға мектеп әкімшілігі және мектептің мұғалімдері қатысты.
    Педагогикалық озат тәжірибені таратудың мақсат, міндеттерімен, сонымен қатар тәжірибені тарату түрлерімен, тәжірибені тарату технологиясының теориясымен таныстырды.
    Педагогикалық озат іс –тәжірибе таратудың мақсаты:
    Педагогикалық озат іс-тәжірибені анықтау, талдау, педагог қызметкерлердің инновациялық, шығармашылық тәжірибесін қазіргі зерттеулер мен педагогика және психология жетістіктерін ескере отырып тарату.
    Міндеттері:
    - Тұтынушыларды инновация мәселелері туралы сұраныспен қамтамасыз ету;
    - Педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал ету;
    - Педагогикалық еңбек рефлексиясын жүзеге асыруға жағдай туғызу (жеке, ұжымдық кеңес беру, дайындық);
    - Педагогикалық ақпарат банкін жасау;
    Тәжірибені тарату түрлері:
    1. Ұжымдық тәжірибе
    2. Жеке тәжірибе
    3. Мазмұнды тәжірибе (курстар, іс- тәжірибелік материалдар, әдістемелік нұсқаулар)
    4. Технологиялық тәжірибе / педагогикалық технологияларды қолдана отырып/
    5. Басқарушылық тәжірибе (білім сапасын басқару, білім сапасы мониторингі, педагог жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету)
    Тәжірибені тарату технологиясы:
    - Шығармашылық есеп, жеке-шығармашылық есеп, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндама т.б. түрінде таратуға болатындығы туралы айтылды.
    Осы жұмыстарды тәжірибе жүзінде электронды портфолиосын көрсетіп, өзінің іс- тәжірибесімен бөлісті.
    Осы семинардың жалғасы ретінде шығармашылық көрмеге жылдың қорытындысымен озат тәжірибені тарату үшін Абдикасимов Канат Бактыбекович, Еркебаева Роза Абдигуловна, Казанбаева Гульнур Бейсенбаевнаның іс-тәжірибелері ұсынылды.

    Мұғалімнің кәсіби құндылығы - білім,қабілет,тәжірибе,даналық,даралық қасиеттері

    27.02.2023ж
    Ақпан айының 23 жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Мұғалімнің кәсіби құндылығы – білім, қабілет, тәжірибе, даналық, даралық қасиеттері» атты дөңгелек үстел болып өтті.
    Дөңгелек үстел өткізудегі мақсат: адамның даралық, даналық, ұлттық және кәсіби құндылықтарын аша отырып, тәжірибе алмасу болды.
    Дөңгелек үстелдің қатысушылары тірек мектеп мұғалімдері мен жас мамандары және магниттік мектептің мұғалімдері. Дөңгелек үстелде қатысушылар «құндылық» сөзінің мәнін аша отырып, қазіргі таңдағы мұғалім бейнесінің қандай болу керектігі туралы сөз қозғап, «ұстаз» ұғымына тереңінен тоқталып өтті. Ұйымдастырушылар: Роза Әбдіғұлқызы,Гүлнұр Бейсенбайқызы, Жұлдыз Тоқтасынқызы тақырыпты ашуда түрлі тапсырмаларды қадам-қадамымен ұсынып отырды. Қатысушылар берілген сауалдарға ұтымды жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Көрсетілген бейнефильмнен берілген үзіндіден түйген ойларын ортаға салып, оқушылармен болатын түйткілді жағдаяттардан шығудың жолдары туралы кеңестер айтылды.
    Дөңгелек үстел соңында сарапшылар мен тілшілер пікірлерін айтты. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы барлық қатысушы мұғалімдерге алдағы қызмет жолдарына сәттілік тілеп қорытынды сөз сөйледі.

    Сыныптық жұмыстың талдауы

    24.01.2023ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 19.01.2023ж. күні директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның ұйымдастыруымен «Сыныптық жұмысты талдау» тақырыбында семинар өтті. Магниттік мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері және ұйымдастырушы мектептің сынып жетекшілерінің қатысуымен өткен семинардың мақсаты: Жас ұрпақтың тәрбиесі нәтижелі болуы үшін мектептегі және мектептен тыс тәрбие үдерісін жетілдіру.
    Міндеттері: қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге арналған топ құру; іскерлік
    қатынас желісін орнату; сыныптық жұмыстың кешенді жүргізілуін қамтамасыз ету.
    Семинар Баян Ниятуллақызының сөзімен басталды. Мақсатты іске асыру аймағы мен міндетті іске асыру аймағын толық ашып, нақты дәйектерді келтірді. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиеге баса назар аударып, қатысушы қонақтардың пікірін білді. Өткен күннің бала тәрбиесі жөнінде «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсете отырып, өзекті тақырыпты қозғады. Бүгінгі күннің бала тәрбиесі жөніндегі олқылықтар мен жетістікке жету үшін атқару керек жұмыстарды баса айтты.
    Келесі сөз кезегін семинарға жауапты мұғалімнің бірі А.Орынбаева алып, өз сыныбына жүргізген жұмыстың зерттеуін, яғни «социометрия» әдісін тәжірибе жүзінде көрсетіп, түсіндірді. Зерттеу жұмысы «социометрия» әдісі барысында анықталған тұйық, оқшауланған, назардан тыс қалған оқушылармен жұмыс жүргізуді мектеп психологына тапсырды. Зерттеу нәтижесінде қатысушыларға бала тәрбиесіне қатысты ситуациялық сұрақтар қойылып пікірлер тыңдалды.
    «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегендей, тәрбиеден кейін білім сапасы талқыланды. М.Жаппарова сынып жетекшілік етіп жүрген 10-сынып оқушыларының білім сапасын өткен екі тоқсанды салыстырмалы түрде көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Сыныптағы жетістікке жету жолдарын сыныппен жүргізген талдау жұмыстарын салыстырмалы түрде көрсетіп, екі тоқсан арасындағы жетістікке қалай жеткені туралы талдап берді.
    1. Жетістік бойынша талдау
    2. Кемшіліктер бойынша талдау
    3. Білім сапасының талдауы
    4. Тәрбие сағаты бойынша талдау
    5. Сынып жиналысының талдауы
    6. Ата-аналармен өткізілген жиналыстардың талдауы
    7. Сынып активтерімен жүргізілген жұмыстардың талдауы
    8. Қоғамдық пайдалы еңбек туралы және еңбекке тәрбиелеу талдау
    9. Отбасылық тәрбие туралы талдау
    Білім сапасын көтерудегі атқарылу керек жұмыс түрлерімен ой бөлісті.
    Семинар соңына қарай өткен күн мен бүгінгі күннің бала тәрбиесі туралы айтылып талқыланған соң болашаққа көз жүгірту де ұмыт қалдырылмады. С.Дауренбекова сөз кезегін алып, қатысушы қонақтарды «Болашаққа көзқарас» деп Ата-аналар тобы: «Болашақтың мұғалімі»; Оқушылар тобы: «Болашақтың оқушысы; Мұғалімдер тобы: «Болашақтың ата-анасы»; Сынып жетекші тобы: «Болашақтың сынып жетекшісі»; Әкімшілік тобы: «Болашақ мектеп» тақырыптарында постер қорғауға жұмылдырды. Барлық қатысып отырған сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі белсене қатысып, постерді тамаша қорғап шықты. Көптеген ой-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
    Семинар соңында Еңбекші орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапсарбаев Асылхан, Алға орта мектебінен келген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадраимова Сая, Жайсан орта мектебінен келген мұғалім, сынып жетекші Абике Асель өз сөздерінде бүгінгі семинар жұмысына оң бағаларын беріп, тәжірибе алмасуда қоржындарын толтырып бара жатқандарын атап өтті.
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Ақылбекова Білжан: «Семинар жүйелі түрде ұйымдастырылған. Социометриялық талдаудың тиімділігін көрдім. Алдағы уақытта сол талдауды сыныбыммен жүргізіп бір жақсы нәтижеге жетемін деп ойлаймын» деп пікірін білдірді.
    Семинар қорытындысында мектеп директоры Сихимова Алтынкул Мадиомаровна сөз алып, сыныптық жұмысты талдау: жетістіктері мен кемшіліктердің басты себептерін тауып, келесі жұмысты дұрыс жоспарлау; оқыту сапасын жақсарту; сынып жетекшінің кәсіби шеберлігін арттыру; жұмыс тәжірибесіне жаңалық енгізу; сабақта оқу-тәрбие процесін бағалау мақсатында; оқушының дамуын анықтау; жүргізілген жұмыс нәтижесін көру үшін қажет екені айтып өтті.
    Семинар жоғары деңгейде өтті. Кері байланыс алынып, мұғалімдер өз ұсыныстарын білдірді. Әр атқарылған іс жүйелі түрде жүргізілген кезде нәтиже болатынына көз жетті. Осылай семинар өз жұмысын аяқтады.

    Сабақта қолданылатын тиімді платформалар

    13.03.2023ж
    Мұқағали Мақатаев тірек орта мектебінде сессия уақытында 10 «А», «Ә», «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза 90 жыл «Шынның жүзі-Шераға» атты тақырыпта танымдық сағат болып өтті.Сабақтың мақсаты: көрнекті қайраткер, Қазақстан журналистерінің бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ғажайып қаламгер Шерхан Мұртазаның өмір жолы мен еңбек жолын жас ұрпаққа таныстыру, адамның өмір жолы ақ пен қарадан тұратынын, осы жолда жазушы шығармаларын оқу арқылы жақсылыққа бойлау, жаман деген кесепаттан бойын аулақ салып, адамдық жолына бойлай беру жас буынға насихатталды.
    Мектебіміздің 8 «Ә», 10 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары жазушының «Бір кем дүние» ойтолғауынан: «Ойлан ,қазақ», «Намыс қайда», «Баукең солақай емес»,«Құмырсқа ғұмыр», «Кітап қасиеті» , «Жалғыз бала» уайымы», «Қымыз», «Мектеп қартаймайды», «Келіншек тау», «Имансыз болма» .«Ай мен Айша» романынан: «Жолашар», «Сандуғаш сандық», «Ай шуақ күндер», «Қырғыз ата», «Интернат наны», «Айша о дүниелік балаларын уайымдайды», «Жілігімді жағайын». Мектебіміздің 10 «Ә» сынып оқушысы Бодаубек Назерке «41-жылғы келіншек» әңгімесінен үзіндіні жатқа оқыды. «Тәуекел той» әңгімесінен оқушылар қойылым қойды. Шерағаның өмір жолы өнегеге толы. Жас ұрпаққа берері көп. Жас ұрпақ Шерағасын таниды, оқиды, өмір жолынан сабақ алады.

    Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың рөлі

    07.02.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына белсенділігін қалыптастырудағы жұмыстың рөлі» атты тақырыпта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллақызының ұйымдастыруымен презентация болып өтті. Презентацияның мақсаты:оқушыны қызықтыратын тақырыбы бойынша жобалау,зерттеу, жұмыстарына белсенділік қабілеттерін қалыптастыру.
    Іс - шараға Мұқағали Мақатаев мектебі мен магниттік мектеп мұғалімдері қатысты. Презентацияны қазақ тілі мен әдебиет және биология пәні мұғалімдері :Солтанбаева Дүйсенкүл Тілепбергенқызы «Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарына деген белсенділігін қалыптастыру» жұмысының жүргізілуі қалай жүзеге асады? Ата-ананың келісімі, баланың ынтасы, көңіл-күйі, денсаулығын бақылау, тапсырманы бір жүйеге қою, бәрі де мұғалімнің жауапкершілігіне жүктелетіні жайында айтып өтті. Осындай зерттеу жобасын жүргізгеннің нәтижесінде оқушысы Тұрғынбай Дина Бақытжанқызымен бірге «Қазіргі таңдағы қазақ тілінің өзектілігі , латын әліпбиіне көшуі мен зерттелуі» атты тақырыпта 2021 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының республикалық деңгейіне қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғанын мақтанышпен айттты.
    Аталған конкурсқа 2022 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шаңғарақбаева Жанат Сейдалымқызның да оқушысы Құрманалы Ернұр Арманұлы «Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы афоризмдер мен мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні» аттты тақырыпта қатысып, облыстық деңгейінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық деңгейіне қатысуға жолдама алып отырғаны жайында хабарлады. Мұғалім зерттеу жобаны оқушымен қалай жүргізгені жайында өзекті ойын қазақтың біртуар қайраткері, заңғар жазушысы Шерағаның:«Біз Бауыржанды тек батыр деп танимыз, ал ол тұнып тұрған ақыл» деп айтуының өзі тегін емес екенін.Батырдың өнегелі өмір жолынан, ерліктерінен шығармаларынан, естеліктерінен бірнеше мысалдар келтіру арқылы шын мәніндегі халық сүйген , халқын сүйген ер бейнесін көзбен көргендей болдық. Оқушының зерттеу жобасына белгілі бір тақырыпты таңдамас бұрын көп іздену керек екенін.Әсіресе, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелетінін.Сол еңбекті зерделеу арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын айтып өтті. Келесі презентацияны биология пәнінің мұғалімі Берзімбетова Рахат Мақтабекқызы таныстырды.Оқушысы Байрамов Рамиль «Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық деңгейінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.



    Көңілді эстафета

    09.12.2022ж
    01.12.2022ж күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) денешынықтыру пәнінің мұғалімі Айтишев Руслан Т.Рысқұлов атындағы орта мектепке 8-11сыныптар арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, сабақ кезінде бір біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, өмір бойы оқуға дайын болу мақсатында «Көңілді эстафета» атты жарысы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар жақсы көңіл күйде қатысып, жинаған ұпайларымен командалар «Тарлан», «Қыран», «Барыс» командалары жүлделі орындарға ие болды.


    Білім додасы

    28.11.2022ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) үйірме жетекшісі Кайбагарова Нұрзада 2022 жылдың 25 қарашасында Алға орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары арасында креативті ойлайтын, интеллектісі жоғары, өзіне сенімді, топпен жұмыс істей отырып, өзара ынтымақтастықты орната алатын жастарды дамыту және оларды жетістікке жетелеу мақсатында "Білім додасы" атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс Алға орта мектебінің АКТ залында өткізілді. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары келіп жанкүйер болды. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Сахна өз дәрежесінде безендіріліп, музыкамен әрленіп, сайыс кезеңдеріне суреттер, слайд, бейнероликтер жасалып, оқушылардың қызығушылығын туғызып, көрермен қауымын баурап алды. Көрермендермен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Нәтижесінде сайысқа қатысқан командалар мақтау қағазымен марапатталды. Сайыс соңында Жексенбаева Баян Ниятуллақызы, Шуратбаева Қарылғаш Шатырханқызы мен Алға орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Диханбаева Балнұр Кенжебекқызының сөзімен қорытындыланды.



    «Ізденпаз оқушылар мінбері» «Ақын ұлттың –жүрегі, шешен көптің тірегі»

    15.12.2022ж
    15.12. 2022 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ресурстық орталығы кезекті сабақ жоспары бойынша , Еңбекші мектебінде үйірме жетекшілері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Қ.Шұратбаева мен Б.Құсаинова «Ақын- ұлттың жүрегі, шешен- көптің тірегі» атты интеллектуалдық сайыс сабағын өткізді. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Олай болса, сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйретіп,топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу еді. Интеллектуалдық ойын 8 айналымнан құрастырылған. Оқушылар Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би болып үш топқа бөлінді. Әр топ өзінің шешен тілімен, ой ұшқырлығымен тіл байлығымен ерекшеленіп, топ басшылары өздерін таныстырды.Барлық кезеңде топ басшылары мен сайыскерлер белсенділік танытып, әділқазылар алқасының әділ шешімімен жеңімпаздарды марапаттады.Сайыс соңында М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) эксперимент ісі жөнінде орынбасары Б.Джексенбаева, Еңбекші мектебінің ұстаздары мен оқушыларына алғысы мен ризашылығын білдірді. «Бүгінгі жастар ілім –білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет"- деп жылы лебізін жаудырды. Интеллектуалдық сайыс соңында әр топ басшылары мақтау қағаздарымен марапатталды.


    Ұлттың дара тұлғасы

    31.10.2024ж
    2022 жылы 14 қазанда Еңбекші орта мектебінде Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) үйірме жетекшілері Мырзалиева Насима және Кайбагарова Нұрзада жоспарға сәйкес аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Еңбекші орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлтының дара тұлғасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
    Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтерген Дінмұхамед Қонаевтың өмір тарихы туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға ұлы тұлғаның ерліктерін айту арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
    Дөңгелек үстелге оқушылар белсене қатысты. Оқушылар Д.Қонаевтың өмірбаяны, балалық шағы, оқыған оқу орындары, елі үшін сіңірген қызметі мен еңбектері, марапаттары, қарапайымдылығы туралы дөңгелек үстелде өз білімдерімен бөлісті. Ұлы тұлға туралы ән шырқалып, мұражайы, сөйлеген сөздері туралы бейнебаян көрсетілді. Дөңгелек үстелге Еңбекші орта мектебінің басшылары, ұстаздары, оқушылары қатысты.

    Өнер қылып бой түзе

    09.12.2022ж
    2022жылдың желтоқсан айының 8-і күні М.Мақатаев орта мектебінің мұғалімдері, үйірме жетекшілері Боранбаева Ш, Қайыржанова Г және Ф.Абдукаимованың ұйымдастыруымен Жайсан орта мектебінде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық дәстүрді дәріптеу, оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында "Өнер қылып -ой түзе, жұмыс қылып-бойтүзе"тақырыбында сайыс сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушыларда өз кезегінде білімдерінің сапалы екенін көрсете білді.


    Мемлекеттік рәміздер - елдігіміз бен ерлігіміз

    27.12.2022ж
    2022 жылы 21 желтоқсанда Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) үйірме жетекшілері Асенова Қазына және Кайбагарова Нұрзада жоспарға сәйкес 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді жан - жақты таныстыру, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оқушыларды отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Дөңгелек үстелге оқушылар белсене қатысты. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы, авторлары жайында, елтаңба мен туда бейнеленген бейнелердің мағынасын ашып айтып, өз білімдерімен бөлісті. Әнұран шырқалып, рәміздер туралы слайд, бейнебаян көрсетілді. Дөңгелек үстелге мектеп басшылары, ұстаздар, оқушылар қатысты. Жексенбаева Баян Ниятуллақызы дөңгелек үстелге қатысушыларды мерекемен құттықтады және рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігінің мықты тіреуі болып табылатынын, әрбір азамат оларды сыйлауға тиіс екендігін еске салды.


    Мен оқыған бір кітап

    23.12.2022ж
    2022 жылы 15 желтоқсан күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, кітапханашылар А.Тоқтыбаева, А,Әбдеш және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ибрагимованың ұйымдастыруымен экспериментке алынған 8-9-сынып оқушылары арасында «Кітап- рухани байлығымыз!» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
    Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызды білім құралы екенін түсіндіре отырып, елінің үмітін ақтайтын, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеу мақсатында өткізілген танымдық кеште «Мен оқыған бір кітап», «Кітап пен қалам егіз ұғым», «Білім көзі - кітапта», «Көрерменге сауал» кезеңдері бойынша түрлі тапсырмалар орындалды. «Мен оқыған бір кітап» кезеңінде оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан түсінгендерін оқиғаның сюжеттік желісі бойынша талдап, мазмұнын айтса, «Кітап пен қалам егіз ұғым» бөлімінде оқушылар өздері оқыған шығармаларының авторына және ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлеріне деген ерекше сезімдерін хат жазу арқылы толқыныспен әсерлі жеткізе білді. Келесі «Білім көзі - кітапта», «Көрерменге сауал» бөлімдерінде сұрақтарға жауап беріп, көрермендермен ой бөлісті. Көрермендер де өз кезегінде бүгінгі көпшіліктің санасы ғаламторға шырмалған заманда өзекті болып , ел мұңына айналған сауалдар төңірегінде ой қозғады.
    Кітапханашы А.Тоқтыбаева кітапханамыздың қорын толықтырып отырған жаңа кітаптарды оқуға шақыру мақсатында «Жаңа кітап- жаңа әлем» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырып өтті.
    Кеш соңында белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.



    Білім додасы

    16.11.2022ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) үйірме жетекшісі Кайбагарова Нұрзада 2022 жылдың 14 қарашасында 8 сынып оқушылары арасында креативті ойлайтын, интеллектісі жоғары, өзіне сенімді, топпен жұмыс істей отырып өзара ынтымақтастықты орната алатын жастарды дамыту және оларды жетістікке жетелеу мақсатында "Білім додасы" атты зияткерлік сайыс өткізді. Оқушыларды топқа бөлу үшін QR код әдісін қолданды. Сабақ соңында кері байланыс алу үшін Тик Ток әдісін қолданды. Сайыс мектеп мұғалімдері мен оқушылардың қатысуымен өтті.


    Д.Қонаевтың туғанына -110жыл

    10.10.2022ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) мектепішілік жоспарға сәйкес аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай мектебімізде 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен үйірме жетекшілері Мырзалиева Насима және Кайбагарова Нұрзада «Ұлтының дара тұлғасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
    Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтерген Дінмұхамед Қонаевтың өмір тарихы туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға ұлы тұлғаның ерліктерін айту арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
    Дөңгелек үстелге оқушылар белсене қатысты. Оқушылар Д.Қонаевтың өмірбаяны, балалық шағы, оқыған оқу орындары, елі үшін сіңірген қызметі мен еңбектері, марапаттары, қарапайымдылығы туралы дөңгелек үстелде өз білімдерімен бөлісті. Ұлы тұлға туралы ән шырқалып, мұражайы, сөйлеген сөздері туралы бейнебаян көрсетілді.



    Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы білім беру процесінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру,қорғау

    22.12.2022ж
    M.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 20 желтоқсан күні мектеп мұғалімдері мен магниттік мектеп мұғалімдері арасында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Адишев Б,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзаханова Л,ағылшын пәні мұғалімдері Сырымбетова Ш мен Мамбетбаева Ф «Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы білім беру процесінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастыру,қорғау» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: Тыңдаушыларды негізгі бағалауда қолданылатын критерийлерімен таныстыру , олармен жұмыс жасаудың жолдарын көрсету.
    Семинар барысында мұғалімдер қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру және дескриптор арқылы бағалаудың маңыздылығына тоқталды.Семинарда «Еркін микрофон» әдісі арқылы семинар қатысушыларына сұрақтар қойылды. Семинар соңында мұғалімдерден кері байланыс алынды.

    Сабақты зерттеудің негізгі нысандарының бірі - рефлексия

    18.12 2022ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 14 желтоқсан күні мектеп мұғалімдері мен магниттік мектеп мұғалімдері арасында мектептің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова, тарих пәні мұғалімі З.Кокеева, ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Ақылбекова "Сабақты зерттеудің негізгі нысандарының бірі - рефлексия" тақырыбында инновациялық әдістемелік кеңес өткізді.
    Мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы жайлы, мәліметтер алуға жағдай жасау.
    Коучинг барысында мұғалімдер рефлексияның маңыздылығын жете түсініп, оқушылар мен мұғалімдердің өзіндік рефлексиялау кезіндегі әрекеттесулеріне талдау жасады. Рефлексияның оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс-әрекетке, оқу материалдарына қарай жасалатын түрлерін ажыратып, олардың маңыздылығына тоқталды.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки