Меню KDT

logo7.png?_=1

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Ә.Молдағұлованың туғанына 100жыл

    28.02.2024ж
    2024 жылдың 21 ақпанында Мұқағали Мақатаев тірек орта мектебінде (РО) 11 "Б" сынып жетекшісі А.Қ. Бақтыбековичтың ұйымдастыруымен "Әлия - рух" Әлия Молдағұлова - 100 жыл! атты танымдық сағат өткізілді.
    Танымдық сағаттың мақсаты: оқушыларды Отанын, елін, туған жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке тәрбиелеу. Әлияның ерлігіне үңіле түсу, ерліктерін оқып үйрену, тану. Әлия Молдағұлова - кеңес мергені, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры. Даңқты батыр қыздың өмірі мен майдандағы өшпес ерліктері туралы слайд-презентация көрсетілімі қойылды, "Әлия майданға келуі", "Әлияға тапсырма", "Сапураға хат" "Әлиямен жүздесу" көріністері қойылды, патриоттық өлеңдер айтылды. Танымдық сағат қысқы сессия аралығында өткізілуіне байланысты М.Мақатаев оқушыларымен қатар магниттік мектептер Ш.Мұртаза, Алға, Еңбекші, Жайсан орта мектеп оқушылары да танымдық сағатқа белсене қатысып, сұрақ-жауаптар қойылып, іс-шараның тарихи мазмұнын қызықтыра түсті. Іс-шара барысында оқушыларға батыр қыздың өмір жолы мен оның ұрыс алаңында жасаған ерлігі көрсетілді. Автоматты уақытқа шашып-жинау сайыстарында, қойылымдарда, "Әлияның жүрегі" "Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі" өлеңдерін мәнерлеп оқуда Жайсан орта мектебінің оқушылары белсенділік танытты, 11 сынып оқушылары соғыс кезіндегі әскери вальс биін орындап, көрермендердің ілтипатына бөленді. Отан үшін отқа түскен батырдың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
    Іс-шара соңында мектеп мұғалімдері және оқушыларға сөз беріліп, өз ойларын білдірді, директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева қорытындылады. Танымдық сағат жоғары деңгейде өтті.

    Қ.И.Сәтпаевтың туғанына 125жыл

    28.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі(РО)2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспары негізінде магниттік мектептермен бірге 10 “в”сынып оқушылары және сынып жетекшісі Баетова Анар Ермеккызының ұйымдастыруымен “Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл”атты танымдық сағат өтті.Танымдық сағатымыздың мақсаты: – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың казақстандық ғылымның тарихындағы, қалыптасуы мен дамуындағы, геологияда металлогения бағытының пайда болуындағы көрнекті рөлін көрсету. Ғалымның геология ғылымдары саласындағы ғылыми еңбектерін жалғастырушы Қазақстан ғалымдарының еңбектерімен таныстыру
    Танымдық сағаттың міндеттері:
    оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет беру;
    ой — өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
     ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу;
     отансүйгіштік сезімдерін арттыру.
    Көрнекілігі: Каныш Сәтбаев туралы кітап көрмесі, буклеттер мен пайдалы қазбалардың сынамалары.
    Каныш Сәтбаев туралы қысқаша дерек: Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.1920-1941 жылдары — Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары — КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы — әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы — Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған. Қазакстан геологтары жерімізден мол минералды шикізат қорын тауып отыр бұл арада ғұлама ғалым Каныш Имантайұлы Сатбаевтың енбегі ұланғайыр ендігі міндет жаңа экономикалык саясатка сай сол мол қазынаны есепсіз оңды солды шаша бермей бір түйірін де шашау шығармай орнымен жұмсап ұқсатып ел кәдесіне жарату ендігі туралы айтылды. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылғаны туралы оқушылар толғана айтып, өзерінің ән жырлары мен билерін билеп өнерлерімен қоса, Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың балалық шағынан, әйгілі саясаткер Черчиллмен кездескен кездегі оқиғасынан көріністер көрсетті. Ең алдымен Каныш Сатпаев туралы бейнероликті ұсынды. Келесі кезекте оқушылар Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың балалық шағы, студенттік жылдары мен ғылым жолындағы жылдары мен еңбектері және ғалымға қазақ ақындарының арнаған естелік өлеңдері туралы мәліметтерге тоқталып өтті.
    10 “В” сынып оқушысы Бекнұрдың орындауында “РАХМЕТ САҒАН ТУҒАН ЕЛ” атты әнді орындап, көрермен көңілінен шықты.
    Осы танымдық сағатқа арнап мектебіміздің хореограф Маханова Аселдің үйретуімен“ Сәтбаев вальсі”әніне қыздарымыз би билеп, көрермендердің көңілін көтерді.
    Бүгінгі ұйымдастырылған танымдық сағатта Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектері, ол туралы ғалымдардың естеліктері, Қазақстан ғалымдарының республикадағы геология, металлогения жөніндегі ғылыми еңбектері мен ақын жазушылардың ғалым туралы естеліктері ұсынылды. Сонымен, танымдық сағатымыздың мақсаты – Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстандық ғылымның тарихындағы, қалыптасуы мен дамуындағы, геологияда металлогения бағытының пайда болуындағы көрнекті рөлін көрсету болды. Ұстаздар мен оқушылар танымдық сағаттан алған ой толғауларын ортаға салып өз ойларымен бөлісті.Соңынан барлық оқушылар мен ұстаздар танымдық сағатты “АТАМЕКЕН” әнін хормен айтып аяқтады.
    10 “В” сыныптың жетекшісі: Баетова Анар Ермеккызы



    Кітап-қазына

    29.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессия уақытында магниттік мектептер: Жайсан, Еңбекші,Шерхан Мұртаза орта мектебінің оқушыларына «Кітап-қазына» тақырыбында танымдық сағат болып өтті.Мақсаты:жас ұрпақты кітап оқуға шақыру.Кітап оқудың пайдасын айта отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Өмірмен ұштастыра сипаттауға, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.Оқушылар кітап оқу арқылы шығарманы түсініп оқи білді, талдай отырып ортақ бір шешім қабылдады.Аталған іс шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты.


    Өлең оқып, ән сал жаным

    18.02.2024ж
    . Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің сессия барысында 10-11 сыныптардың бірінші бес күндігіне орай 16 ақпан күні Дауталиева Рабиға Әлімқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған,, Өлең оқы, ән сал, жаным '' деп аталатын әдеби-музыкалық іс-шара өтті.
    Мақсаты :ақынның өлеңі мен әндерін кеңінен оқуды, жаттауды насихаттау.
    Барысы :
    1-4 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жеке-жеке қысқаша айтып өтті.
    Бастауыштың ата-аналары өз балаларымен өнер көрсетті.Оқушы және ата-ана бірігіп, ақынның өлеңін жатқа айтып, әндерін орындады.
    Кеш жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға қатысқан оқушылар мен ата-аналарлың қуанышында шек болмады.
    Кеш соңында мектебіміздің эксперимент ісі жөніндегі орынбасарлары Б. Жексенбаева мен А. Пазылбекова сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Ал, қатысушылар да құр алақан қалмады. Оларға әр сыныптың ата-аналары демеушілік танытып, сыйлықтар тарту етті.

    Мен мамандықты қалай таңдаймын

    26.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде(РО) ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 10 “А” сынып оқушылардың және сынып жетекшісі Сырымбетова Шынардың ұйымдастыруымен “Мен мамандықты қалай таңдаймын” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу. Өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілетін арттыру.
    “ Ең қызықты мамандықтар” туралы бейнеролик көрсетілді. Сол бейнероликке байланысты бірнеше сұрақтар қойылып әңгіме жүргізілді. Болашақта Қазақстан нарығы мен болашақ дамуына, қажетті сұранысқа ие 10 мамандық түрлері, өмірде мамандық таңдаудағы факторлар туралы да әңгіме өрбіді.
    “Психометрия” психолгиялық ахуал аясында
    оқушылар өздеріне қай мамандық ұнайтыны, не үшін ұнайтыны жайлы айтты.
    Мотивация ретінде Маржан Арапбаеваның “ Тек алға” әні қойылып сергіту сәті жүргізілді. Сонымен қатар ұстаздар өздерінің мамандығын қалай, не үшін таңдағаны туралы айтып ой пікірлерімен бөлісті.
    Дөңгелек үстелдің соңында директордың ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б. Н. Джексенбаеваға сөз берілді.

    Әль-Фараби – ұлы ғұлама

    14.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 14.02.2024 ж 10”г” сынып жетекшісі С.М.Кыздарбекованың ұйымдастыруымен “Әл-Фараби ұлы ғұлама” атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты: оқушыларға
    Әл-Фараби ғұламаның өмірі,еңбек жолы туралы түсінік бере отырып,оның жан- жақты білімі бар ерекше тұлға болғандығын түсіндіріп,даналығымен таныстыру.Танымдық сағат сессия аралығында өткендіктен 10 “г” сынып оқушыларымен қатар магниттік мектептер Ш.Мұртаза,Алға,Еңбекші,Жайсан орта мектеп оқушылары да танымдық сағатқа белсене қатысып, сұрақ- жауаптар қойып, іс шараның тарихи мазмұны қызықтыра түсті. Оқушылар Әл-Фарабидың даналықтарынан үзінді келтіре отырып,мән-мағынасын ашуға,негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білді.Әрбір көрсеткен қойылымдар оқушыларға туған жерге деген сүйіспеншілік,адамгершілікке, қасиетті нәрселерді тәрбиелеу.Керермендер де өз ойларын айтып,танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті.Танымдық сағаттың соңында, мектеп мұғалімдеріне және директордың эксперимент жөніндегі орынбасары
    Б.Н.Джексенбаеваға сөз кезегі берілді.Магниттік мектептің окушылары да өздерінің тілектерін білдірді.

    Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы

    14.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 13 .02 .2024 жылы
    «Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы» атты тақырыпта танымдық сағат болып өтті. Мақсаты:оқушыларды жыр пайғамбары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқу, отан сүйгіштікке баулу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті дүниелерді қадір тұтуға тәрбиелеу.Танымдық сағат мектебімізде сессия уақытында өткізілгендіктен тірек орта метебінің 9 «Ә», 10 «Ә» сыныптарымен бірге магниттік Еңбекші ,Жайсан Шерхан Мұртаза атындағы орта мектеп оқушылары да аталған іс шараға қатысып,белсенділік танытты. Танымдық сағатта ақынның «Арыз жазып кетейін», «Елім барда», «Отан», «Фариза»т.б шығармалары жатқа оқылып, ақын отбасы жайында «Отбасым – шағын мемлекетім» атты тақырыпта қойылым көрсетілді.

    Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

    13.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 12- ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 10 “А” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Сырымбетова Шынардың ұйымдастыруымен “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” ( Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл) тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен , Алаштың ардақтысы - Сәкен Сейфулиннің өмірбаяны мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу.
    Танымдық сағат патриоттық ән “Батырлар ұраны” хорымен басталды. Оқушылар Сәкен Сейфулиннің өмірбаяны туралы мәліметтер айтып , ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның балалық шағы, есейген шағы және қамауға түскені туралы қойылымдар көрсетілді. Мың бұрала билеген 10 сынып оқушы қыздарының қазақша биімен кеш жалғасын тапты, Сапарбек Мирастың орындауында “Түрлі арман “ әні шырқалды. Әрі қарай кеш көрермендермен сұрақ-жауап айдарымен жалғасын тапты. Магниттік мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп отырды. М. Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің ұстаздары және магниттік мектептердің де ұстаздары танымдық сағат туралы өз пікірлерімен бөлісті. Танымдық сағаттың соңында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. Пазылбекова және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б. Н. Жексенбаева сөз кезегінде танымдық сағатты жақсы деңгейде өткені туралы өз пікірлерін білдірді.

    English in my life

    13.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың 9 ақпанында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9”Д” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Аймахан Гүлназдың ұйымдастыруымен “English in my life” тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушыларға 21 ғасырдағы ағылшын тілінің маңызы мен қоғамдағы алатын орны орасан зор екенін ұғындыру. Бүгінгідей жаһандану заманында басқа да мемлекеттердің алдында өз елінің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін өзге тілді жетік меңгеру артық етпейді. Бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесінің бірден бірі - ағылшын тілін білу.
    Ағылшын тілін білу сән емес, заман талабы, жан жақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің белгісі. Танымдық сағатында оқушылар көптеген ұлы-ойшыл, ғалымдарымыздың тіл білуге байланысты ұлағатты сөздерін айтты. “International boxing competition”, “Үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама алу »
    атты керіністер көрсетілді.Керермендер де өз ойларын айтып,танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті.Танымдық сағаттың соңында, мектеп мұғалімдеріне жене директордың эксперимент жөніндегі орынбасары
    Б.Н.Джексенбаеваға сез кезегі берілді.Магниттік мектептің окушылары да өздерінің тілектерін білдірді.

    Қазақстан туған өлкем, табиғаты қандай көркем

    14.02.2024ж
    Ақпанның сегізінші жұлдызында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде сессия кезінде,магниттік мектептерден Алға орта мектебі мен Еңбекші орта мектебінен келген оқушылармен, 9 в сыныбының оқушыларының бірігуімен,география пәнінің мұғалімі Казанбаева Гульнур Бейсенбаевна географиялық кеш өткізді.Кештің тақырыбы Қазақстан – туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!
    Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
    Міндеті: Табиғат туралы экологиялық білім және тәрбие беру.
    Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
    Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
    Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
    Кеш бірнеше кезеңдерге бөлінді.Кім жылдам, Ең,ең,ең. Көрермендерге сұрақ. Табиғатпен байланысты Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойылды.Қойылымға Бинаділ Айдын,Мұсақұл Азамат,Өмірзақ Балжан,Ернұр қойылымды жоғары дәрежеде көрсетті. Кеш соңында Өмірзақ Балжанның орындауында «Жақсы адамдарым» өлеңімен аяқтады.Кеш өте тартысты, қызық өтті. Көрермендер тілектерін білдірді.

    Адалдық – адамдықтың белгісі

    09.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024жылдың 7-ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9"Б" сынып оқушылары және сынып жетекшісі Таурбекова Ғалияның ұйымдастыруымен "Адалдық-адамдықтың белгісі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
    Тәрбие сағаттың мақсаты:
    Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
    Адалдық пен шындықтың адами қарым қатынастағы мәнін түсіндіру Адалдық, шынайылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.Тәрбие сағатында оқушылар көптеген ұлы-ойшылдарымыздың сөздерін, мақал-мәтелдерін айтты."Адал бала","Шыншыл бала" атты көріністер көрсетілді.Көрермендерде өз ойларын айтып,тәрбие сағат жоғары деңгейде өтті.Тәрбие сағаттың соңында,мектеп мұғалімдеріне және директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаеваға сөз кезегі берілді.Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.

    Ғажайып биология әлеміне саяхат

    21.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) 2024 жылы ақпан айында қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызының ұйымдастыруымен «Биология ғажайып әлемі» атты кеші өтті. Кештің мақсаты: Биология пәнінен өтілген тақырыптары бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, биология әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау, зерттеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу, белсенділіктерін қалыптастыру. Биологиялық кешіміз екі кезеңнен тұрады. 1 кезеңде болашақ биолог зерттеушілері өздерінің таңдаған тақырыптарына сәйкес зерттеу жұмыстарымен таныстырып шықты.
    1. «Су – тіршілік көзі» Ақберген Айзат М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
    2. «Біз және экология» Мұхаметкерім Арайлым Жайсан орта мектебі
    3. «Арал мен Балқаш тағдыры» Оразхан Данагүл Ш.Мұртаза орта мектебі
    4. «Көз біздің айнамыз» Боранбаева Жансая М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
    5. «Газдалған сусындардың ағзаға зияны» Жеңіс Ермұхаммед Жайсан орта мектебі
    6. «Дұрыс тамақтану» Есенқұл Асылайым М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
    7. «Темекінің зияны» Нұрқасым Ерасыл М.Мақатаев тірек орта мектебі (ро)
    Зерттеушілердің тақырыпты ашуы көрермендердің көңілінен шықты. 2 кезең көрермендер ортасынан бес мектеп оқушыларынан белсенді 2 топ құрап, биологиялық бес категориядан тұратын сайыс ұйымдастырылды.
    1. Ең, ең, ең
    2. Логика биологиядан
    3. Әзілді биолгия
    4. Мозайка
    5. Биолгиялық жұмбақтар
    Оқушылары керемет тартысты, білімділер додасы болды. Қорыта келе барша қатысушыларға кешті ұйымдастырған биология пәні мұғалімі Медеубаева Айгерім Жуасбекқызы марапаттау қағазын табыстады. Көрермен ұстаздар мен оқушылар бүгінгі кештен алған әсерлерімен кері байланыс жасады. Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (ро) директорының ресурстық ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы оқушыларға арнап сөз сөйлеп,өз ризашылығымен бөлісті.

    Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

    06.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2024 жылдың 5-ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге 9 "А" сынып оқушылары және сынып жетекшісі З.Д.Кокееваның ұйымдастыруымен “Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны” тақырыбында пікірталас өткізілді.
    Пікірталастың мақсаты: Бүкіл әлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу. Пікірталас барысында оқушыларға 8-9 сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама көрсетіліп, сауалнама бойынша оқушылардың басым бөлігі интернетті 3-4 сағат қолданатындарын да көрсетті. Сауалнамадан соң оқушылар, жалпы интернет дегеніз не? Интернет қалай пайда болғандығын айтты.Оқушыларға интернет жайлы көріністер көрсетіліп, оқушылар интернеттің зияны мен пайдасы жайлы өз көзқарастарын айтты. Пікірталасқа, көрермендер де өз ойларын қосып, пікірталас тартысты өтті.Пікірталастың соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Жексенбаеваға сөз кезегі берілді. Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді#Біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministirligi.

    Химияның ғажайып әлемі

    05.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 2-ші ақпан күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен бірге “8Д”, “8Ә” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Р.М.Кашаганованың ұйымдастыруымен “Химия ғажайып әлемі” атты интеллектуалдық жарыс өткізілді. Интеллектуалдық сайыстың мақсаты: Химия пәнінен өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылап, тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
    Сайыстың жүргізу барысы: 6-кезеңнен тұрды. Әр кезең оқушыларға өте қызықты, тартымды болды.
    1-кезең “Ойлы болсаң, озып көр”
    2-кезең “Тіл өнер”
    3-кезең “Мықты болсаң тауып көр”
    4-кезең “Зерек болсаң, шешіп көр”
    5-кезең “Жүйрік болсаң, шауып көр”
    6-кезең “Химик - сараман”
    Осы 5-кезең бойынша оқушылар өздерінің білімдерін көрсете білді. 6-кезеңде екі топтың топ басшылары: 8 "Д"-сынып оқушысы Сәулебекқызы Анар өзінің “Хамелеон” және “Ерітіндінің түссізденуі” тақырыбындағы қызықты тәжірибесімен бөлісті. 8"Ә"- сынып оқушылары Бақытжан Абылай мен Баймұрат Ерасыл да, өздерінің қызықты тәжірибелерін “Жанбайтын орамал” және “Спирттің ағзаға зияны” тақырыпта көрсетті. Тәжірибелері өте қызықты өтті. Соңында әділ-қазылар алқасы: мектебіміздің биология пән мұғалімі: Медеубаева Әйгерім тәтей мен Жайсан орта мектебінің химия пән мұғалімі Нұрқасымова Назым тәтей қорытынды жасады. 8”ә - сыныбына 1-орын “Мадақтама” грамотасын, 8”Д-сыныбына 2 - орынды ұсынды. Сайыстың соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Жексенбаеваға сөз кезегі берілді. Магниттік мектептің оқушылары да өздерінің тілектерін білдірді.

    Мен жастарға сенемін

    02.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (ресурстық орталық) 2-ақпан күні ұлттық поэзия падишасы Мағжан Жұмабаевтың рухына арналған “МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН” атты танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатты ұйымдастырушы: тірек мектебінің 8 “Ә”сынып оқушылар және сынып жетекшісі Ахина Ж. Т. Ресурстық орталық жұмысы аясында өткізілген бұл танымдық сағаттың мақсаты: ақынның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттай отырып, оқушыларға әрі қарай ізденуге бағыт беру. Аталған танымдық сағатта поэзия падишасының мұрасынан бірқатар шығармалары мен поэмалары жатқа айтылды. Ақынның сан қилы ауыр тағдыры мен жұмбақ өлімі туралы қойылымдар көрсетіліп, бұрын айтылмаған тың деректер де паш етілді. Мағжан ақынның сөзіне жазылған “Сен сұлу” әні шырқалып, “Мен жастарға сенемін” әнін хор ретінде айтып шықты. Оқушылардың ізденімпаздығы мен тыңғылықты дайындығының арқасында танымдық сағаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында магниттік мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп, ішкі толқыныстарын да жасыра алмады. Кері байланыс парағын толтырған ұстаздар мен оқушылар ұсыныс, лебіздерін білдіріп, танымдық сағат туралы ойларын ашып жазды.
    Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева бұл танымдық сағатты ұлы Абайдың
    “ Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
    Қиыннан қиыстырар ер данасы.
    Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
    Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы” деген өлең жолдарымен баға бере отырып қорытындылады.

    Еңлік-Кебек

    01.02.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) 2024 жылдың 31- ші қаңтар күні қысқы сессия уақытындағы дамыту блогының жоспарының негізінде магниттік мектептермен және ашылған сыныптармен бірге 8 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.С.Махатованың ұйымдастырумен «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н. Жексенбаева, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Пазылбекова және мектеп мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат 8 -сынып қыздарының орындауында нәзіктіктен өрілген «Шашу » биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын
    екендігін және 912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспаханасында «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке-жеке жинақ ретінде басылған поэмадан сахналық қойылым көрсетіп, шара барысында ғұлама ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындалды. Танымдық сағаттың соңында мектеп мұғалімдермен оқушыларынан кері байланыс алынды. Танымдық сағат өте жоғары деңгейді өтті.

    Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы

    30.01.2024ж
    30.01.2024ж. күні қысқы сессия кезіндегі дамыту блогының жоспары бойынша магниттік мектеп оқушыларымен бірге 8 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі С.Дауренбекова «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру болды. Танымдық сағат екі жүргізушінің қатысып отырған оқушыларға ой қозғау мақсатында «Құндылық дегеніміз не?» деген сұрақтан басталды. Оқушылар өз ойын айтқан соң тағы да қысқаша мәліметтер беріліп, танымдық сағаты ары қарай «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде жүргізілді. Бірінші «Жыр думан» қонақтары – сынып оқушылары шығып тіл, ар-намыс, қазақ, жер, Отан туралы өлеңдерін жатқа айтты. Содан соң көрермен оқушыларға «Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата-бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылып жауаптары айтылды. 3, 5, 7 сандарына байланысты «Үш көз, үш арсыз, үш қуаныш, бес қару, бес ақыл, бес дұшпан, жеті жетекші, жеті қазына, жеті жетім, жеті ата» туралы айтылып, мәлімет берілді. Келесіде «Сән думанның» қонағы мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі А.Шайдахметова тәтейіміз болды. Ол кісі өзінің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қолөнерін: құрақ көрпе, құрақ жастық, киізден жасалған қол дорбалары, моншақтан жасалған өңіржиек, жүннен жасалған жұмыстары жайлы және құрақ көрпе фестиваліне Астана қаласына барып қатысып, Гинес кітабына енгені, алған марапаттары туралы сұхбат беріп, оқушылармен пікір алмасты. «Сән думанның» соңы ұлттық киімдерді дәріптеп, оқушылардың сән үлгісін көрсетуімен жалғасты. «Дәм думан» айдарында «Кока-кола мен қымыз» көрінісі қойылды және оқушылар дайындап келген ұлттық тағамдармен таныстырды. «Ән думан» айдарында Еңбекші орта мектебінің оқушылары Тұрғанбек Гүлмарал мен Руслан Саида өлең айтса, тірек мектебімізден Қанат Даниал «Көңіл толқыны» күйін шертіп тамаша көңіл-күй сыйлады. Жалпы танымдық сағат өз дәрежесінде жақсы өтті. Соңында кері байланыс алынды. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева сөз сөйлеп, оқушыларға ой-пікірін білдіріп, ұсыныс айтып, сәттілік тіледі. Магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушылар да танымдық сағат туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
    Ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды паш ету, қазақ екенімізді мақтан ету әрбір елім, жерім деп жүрегі соққан азамат үшін парыз.
    Ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайық! Өзге ұлтқа паш етейік! Білімімізді дамытайық!

    Тірек мектебі –тұғырым, мақтанышым, тірегім

    31.01.2024ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде қаңтардың 29жұлдызында “Тірек мектебі–тұғырым, мақтанышым, тірегім” тақырыбымен қысқы сессияның ашылуы салтанаты өтті.
    Ашылу салтанатының мақсаты: “Тірек мектебінің магниттік мектептермен шығармашылық байланысын, мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығын дамыту.
    Ашылу салтанатының міндеті: Сессияаралық және сессия кезіндегі атқарылатын жұмыстардың сабақтастығын қамтамасыз ету; магниттік мектеп мұғалімдері мен оқушыларын
    ғылыми - шығармашылық жобалар жасауға бейімдеу; магниттік және тірек мектебінің мақсат-міндеттерін айқындау, жауапкершілікті сезіндіру, өзара шығармашылық байланысты нығайту арқылы білім сапасын көтеру;
    Ашылу салтанатына арналған жабдықтау жұмыстары жасалды, көрме қойылды. Атап айтсақ: шығармашылық көрме: тірек мектебінің магниттік мектептермен жүргізілген жұмыстар бойынша фото-көрме кинолентасы жасалды; сессияаралық жұмыстар бойынша тірек және магниттік мектептердің шығармашылық есебі, жинақ папкалары, форум материалдары; оқушылардың жазған пікірлері, кері байланыстары көрмеге қойылды.
    Мектеп директоры Алтынкуль Мадиомарқызы Сихимова 4жыл пандемия кезінен кейінгі сесияның дәстүрлі өтуіне арналған ашылу салтанатында ұжымды құттықтап, салтанатты жиынды ашып берді. Келген қонақтардан мектеп мұғалімдері интервью алды. Бастауыш сынып оқушылары келген қонақтарды қошаметпен қарсы алып, тірек мектеп оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды. Әр келген магниттік мектеп делегациясы өз мектептерін тірек мектебімен байланыстыра отырып, таныстырып, өз өнерлерін, жасаған презентацияларын көрсетіп, шаңырақ иесі тірек мектебі оған киілген уық магниттік мектептер екені даналық ағашынан көрінді.
    Ашылу салтанатына Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев, Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров, магниттік мектеп директорлары, оқу ісінің орынбасарлары, сынып жетекшілер және тірек мектебінің мұғалімдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.
    Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев: Құрметті ұстаздар, оқушылар, керемет іс-шара болып жатыр, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп үлкендер айтатын еді, 10жылдан асып жатқан бұл істеріңіз жалғасын таба берсін. Құрметті оқушылар М.Әуезовтың атамыздың жақсы сөзі бар ғой «Армансыз адам – қанатсыз құстай, арманды адам – құмары қанбас самғап ұшпай» дейді, сол айтпақшы мұғалімдердің еңбегін ақтайтын үлкен тұлға болуларыңа мен тілектеспін.
    Шу аудандық білім бөлімінің басшысы Т.М.Дурманов: Құрметті әріптестер, тірек мектеп ұжымы, магниттік мектеп ұжымы, ресурстық орталықтың кезекті сессияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта бар білімдеріңізді, іс-тәжірибелеріңізді, бар білген жиған-тергендеріңізді осы магниттік мектептен келген оқушыларыңыздың бойына сіңдіресіздер деп ойлаймын. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз алға баса берсін.
    Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының басшысы Ғ.Б.Қойбағаров:
    Еліміздің болашағы жастар екенін ескерсек, бүгін қайта бастау алып жатқан іс-шара осы жастардың дамуына құйылып жатқан инвестиция деп ойлаймын. Бұл оқушыларға білімі мен біліктілігін арттырып, шығармашылық деңгейін қалыптастыру, достық қарым-қатынастарын нығайтуға деген үлкен мүмкіншілік, алдағы уақытта да бұл іс-шара өз жұмысын жалғасын таба берсін. Осы бағытта оқушыларға өз білгені мен білімін үйретуден жалықпайтын жасампаз ұстаздарға алғыс білдіреміз, шығармашылқ табыстар тілейміз. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!
    Еңбекші орта мектебінің директоры Т.Майкеев: Тірек мектебінің директоры Алтын Мадиомарқызы Сихимованың және директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Баян Ниятуллақызы Джексенбаеваның жетекшілігімен әрбір сессия кезінде оқу сабақтары, қосымша білім және тәрбие жұмыстары, яғни дамыту блогтары өз алдына жеке жоспарланып, жоғары жауапкершілікпен атқарылып келе жатқанына куә болып келе жаткан магниттік мектептердің біріміз.
    Тірек мектебі өз мақсаттарына жету жолында ата-аналарды да жоғары деңгейде бала тәрбиелеуге тарта білді.
    Тірек мектебі тек оқушыларға ғана емес мектеп мұғалімдерінің де кәсіби дамуына ерекше ыкпал ете білді. Мәселен, айтар болсак, педагогтеріміз үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) технологиясы бойынша зерттеу сабақтар жүргізіп, тірек мектебінде дуэттік сабақтар өткізді, семминарлар, конференциялар, форумдар, байқаулар ұйымдастырылды. Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, Ғ. Бейсембаев сияқты ғалым-ұстаздармен кездесіп, бірлесе жұмыс аткаруға мүмкіндік туғыза білді.
    Шерхан Мұртаза мектебінің мұғалімі Бахыт әпкей : Мұғалімдер осы уақытқа дейін өз тәжірибелерімен алмасып, оқушылар өте көп жұмыстар жасады. Және де оқушыға 7 баламен оқыған қызықпа әлде 24 баламен пікірталастырып оқыған қызықпа. Сол себепті 24баламен тіл табысып, өз білімдерін шыңдап, жетістіктерін көрсетіп, дуэттік сабақтар, спорттық ойындардан осы жерден талай марапаттарға ие болуына осы мектептің еңбегі зор болды. Ауылдың қала балаларына ауыл тәрбиесін: ауылдың балалары ұяң болады, ұяңдықты, биязылықты, қыздардың бұрымдылығын ала келдік, бөлісе білдік. Сонымен қала балалары сүйсіне білді. Осы мектептің мұғалімдері күн демей түн демей үлкен жұмыстар атқарды. Осы жұмыстарды айтқанда Шамшат тәтейдің де еңбегін айта кеткен жөн, ол кісі сөз маржандарын теріп айтуды үйретті, жанамын деген оқушыларға от бола білді. УӘЖ технологиясын бүкіл пәндер бойынша жазып шығып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берді.
    Алға орта мектебінің директорының орынбасары Б.Диханбаева: Құрметті әріптестер, жәнеде көздерінде от жанып, білімге деген құштарлықтары артып отырған, бүгіннен бастап тегі артып отырған оқушылар. Біз кішкене ғана мектепте оқыдық, материялдық база рас төмен болды. Сонда бізге келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тірек мектебіне жылына үш рет сессия болады, ауыл балаларынада жақсы нәрсені көрсетеміз деп, эксперимент жасаймыз, білімдерін жоғарылатуға ықпал жасаймыз дегенде қуанып, 2013жылдан тірек мектебі болып құрылғаннан ең бірінші магниттік мектептер болып кіргеннің бірі біздің Алға мектебі болатын. Одан бері қаншама жұмыстар жасалынды. Қаншама жетістікте жетіп жатырмыз. Шамшат тәтейдің еңбегін айтпасақ болмайды. Ғани Бектайұлымен жүргізілген қаншама тренингтері мен семинарларының мұғалімдер мен оқушылардың өсуіне ықпалы зор болды. Осы сессия кезіндеде көп жұмыстар жасалынатына сенеміз. Барлықтарыңызға жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, абырой серік болсын!
    Келген қонақтар, мұғалімдерден, оқушылардан кері байланыс алынды. Байқағанымыз, тірек мектебі жұмысына зор шығармашылық табыстар тілеп, бірігіп жұмыс жасауға қызығушылықтарын бар ынталарымен жеткізді. Салтанатты жиын Қ.Алагөзовтың сөзіне жазылған Қ.Молжановтың әні «Қазақ тілі» әнімен аяқталды.

    Оян қазақ

    11.01.2024ж
    30 қараша күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Омбаева Г.Б. 10 «Ә» сынып оқушыларымен «М.Дулатов.Оян, қазақ!» тақырыбында акт залында танымдық сағат өткізді. Танымдық сағаттың негізгі мақсаты:ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің отаршылдық саясатының, одан кейінгі кеңестердің солақай саясатының нәтижесінде қазақ халқының бастан өткерген қиындығын көрген және елінің азаттығын аңсаған, елі үшін қасық қаны қалғанша қызмет еткен Міржақып Дулатұлының өмірі жайлы толық мағлұмат беру, ақынның өлеңдері арқылы оқушыларға әсер ету, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту, өз елін, жерін қорғайтын патриот ұрпақ тәрбиелеу; Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған слайдтар, суреттер, шарлар.Қабылданған міндеттер:1. Отанды сүюге баулу; 2. Халықтың санасын оятуға арналған жырлары арқылы Міржақып Дулатұлының есімін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу;
    «М.Дулатов. Оян, қазақ» атты танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Д.Джексенбаева, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Рахматова, пәні мұғалімдері, мектеп мұғалімдері, 8-11 сынып оқушылары қатысты.
    Танымдық сағат 10-сынып қыздарының орындауында нәзіктік пен батырлықтан өрілген «Батырлар биі» биімен басталды. Екі жүргізуші танымдық сағатты орамды ойларымен бөлесі отырып жүргізді. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңін шығарғандығы, осы үшін орыс билеушілерінің қаһарына ұшырағандығы, орыс билеушілерінің «Оян, қазақ» өлеңінің әр сөзінен астар іздеп, тергеу жүргізгендігі, Міржақыптың көрген қудалауы жайлы баяндайтын көріністер көрсетілді. Танымдық сағат барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың өлеңдерін оқыды. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңіне еліктеп, түріктер «Оян, түрік!», жапондар «Оян, жапон!» деген өлеңдерді шығаруы сияқты тың мәліметтер келтірілді. Соңында сахнаға бес арыс жайлы көрініс көрсетіліп, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» деген жалынды сөздерімен аяқтап, «Алаш ұраны» әні және «Алаш аманаты» күйі орындалды.

    Ақшаны ақылмен жұмсайық

    28.10.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде 27 қазан күні Джексенбаева Баян Ниятуллаевнаның ұйымдастыруымен 'Ақшаны ақылмен жұмсайық' атты танымдық сағатты
    9 в сынып оқушылары өткізді.Сынып жетекшісі Казанбаева Гульнур Бейсенбаевна
    Мақсаты:Ақшаның пайда болу тарихы,ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі.қалай кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру,осы уақытқа дейінгі теңгенің өзгеру сипатын айту,басқа елдің валюталарын да білу
    Оқушылар керемет,тың мағлұматтар берді.Қойылымды қазіргі өмірдегі шынайы жағдаймен байланыстырып қазіргі жастардың оңай ақша табу жолын таңдайтыны оның соңы жаман жағдайға ұшырайтынын көрсеттіп.дер кезінде көмек көрсетсе достарына, оны жеңе алатынын көрсете білді,Танымдық сағат өте жоғары дәрежеде өткізілді, соңында Балжанның орындауында Жақсы адамдарым әнімен аяқтады

    Әке асқар тауың

    29.10.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек ортп мектебінің (РО) ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 қазан күні 9 “Б” сынып оқушыларының “Әке балаға - қарыз, Бала далаға - қарыз” атты танымдық сағат өткізілді.
    Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әке орнының отбасындағы, қоғамдағы рөлін, мәртебесін арттыру, әке деген ұлы ұғымның мәні мен маңызын ұрпақ санасына сіңіру.
    Танымдық сағат барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, әке туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашты. Тақырыпқа сай көріністері мен көрермендермен пікір алмасып, керемет іс-шара өткізді. Соңында ұстаздар өз ойларын айтып, сынып жетекшісі Таурбекова Галия Абдрахмановна қорытындылап, директордың эксперимент жөніндегі орынбасары Баян Ниатуллақызы Джексенбаева танымдық сағатына бағасын берді.

    Қариялы ел –қазыналы ел

    27.10.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (ро) ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 қазан күні 9 «Ә» сынып оқушыларының «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты танымдық сағат өткізді. Мақсаты: : Оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғысынан қайырымдылыққа тәрбиелеп, дұрыс әрекет құңдылығының мәнін ашу.Танымдық сағат барысында оқушылар өз шығармашылықтарын өлеңдерін, билерін және тақырыпқа сай көріністері мен монолог оқып, керемет іс-шара өткізді.

    Ұлы Абылай хан- халық жадында

    24.10.2023ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессияның жүргізілуіне орай 24 қазан күні 9 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұлы Абылай хан – халық жадында» тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қазақ хандары туралы, ежелгі қазақ халқының дамуы жайында мағұлмат беру.Оқушылардың патриоттық рухын көтеру, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру. Абылай хан арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, пән мұғалімдері және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат соңында ұстаздар және оқушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, танымдық сағаттың өте жоғары деңгейде өткендігін айтты.

    Еліне сөзі ем болған

    23.10.2023ж
    19.10.2023ж. күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) АКТ залында 8-9 сыныптарға арналған Ұлы жүздің биі – Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай «Еліне сөзі ем болған» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға Шу өңірінің тумасы, туралықты тұғыр еткен Төле би бабамыздың өмір тарихы мен артында қалдырған өсиеттерін еске түсіріп, осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттері мен игі қасиеттерін үлгі-өнеге ету. Директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаеваның "дамыту блогы" жоспары бойынша 8 «Б» сыныбы мен жетекшісі С.Дауренбекова ұйымдастырды.
    Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге екені де айтылды. Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.
    Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.
    Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес. Осы қасиеттерін үлгі етіп, танымдық сағатта Төле бидің нақыл сөздері мен өсиеттері және Төле би туралы айтылған нақыл сөздер, теңеулер, өлең жолдары жатқа айтылды. Сонымен қатар, оқушылардың өздері дайындаған Төле бидің төрелігін көрсететін көрініс те көрсетілді. Көрермен болып отырған білім алушыларға да сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Оқушылар патриоттық ән айтып, ұлттық биімізді де билеп, хор айтып, танымдық сағат өз дәрежесінде жақсы өтті.
    Қорытындылай келгенде Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.
    Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.
    Танымдық сағат соңында білім алушылар мен қатысқан ұстаздар да өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін де білдірді. Кері байланыс жүргізілді.

    Таңбалы тарих - таңдаулы тұлға

    12.01.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) күзгі сессияның жүргізілуіне орай 8 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Таңбалы тарих- Таңдаулы тұлға» атты тарихи әдеби – сазды танымдық сағат өтті. Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушыларды Сұлтан Бейбарыстың өмірімен таныстыру,Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылықтарын арттыруға тәрбиелеу, оқушыларды адамгершілікке,еңбекқорлыққа отансүйгіштікке баулу. Сұлтан Бейбарыс арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Танымдық сағатқа директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева, пән мұғалімдері және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағаттың ашылуын Сұлтан Бейбарыстың өмірін, жүріп өткен жолын сахналық қойылыммен бастап, оқушылар Сұлтан Бейбарыс туралы анықтама беріп ән бимен жалғасты. Танымдық сағатқа қатысқан ұстаздар мен оқушылардан кері байланыс алынды. Танымдық сағат соңында ұстаздар және оқушылар ұйымдастырушыларға танымдық сағаттың тағылымы өте жоғары екенін айта отырып осындай іс -шаралардың жиі өтуін қалайтындарын айтып, қорытындыланды.
    Осы аталған танымдық сағат магниттік Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің ұжымы және білім алушылары жылы шыраймен қарсы алып,осындай бірлескен жұмыстан қанаттанатындарын білідіріп, алғыстарын жаудырды. Магниттік мектеп оқушылары өткізілген іс -шараға белесене қатыса отырып, сессия жұмыстарының дәстүрлі түрде өтуін қалайтындықтарын жеткізді.

    Кітап-ақылшы дос

    19.10.2023ж
    2023 жылдың 18 -қазан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің және Жайсан,Еңбекші Ш.Мұртаза атындағы магниттік мектептерінің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен сессия барысына орай дамыту блогында “Кітап-ақылшы дос” айдарында “Бәріміз бірге оқимыз”атты марафон ұйымдастырылып,дөңгелек үстел өткізілді.Танымдық іс-шара барысы үш бөлімде қойылды.Бұл оқырмандар марафонының негізгі мақсаты жас ұрпақтың санасында оқу мен кітап мәдениетінің құндылығы жайында түсінік қалыптастыру,оқушыларды кітап оқуға тарту,кітап оқитын орта қалыптастыру болатын. Ең алдымен “Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы”бөлімі бойынша оқушылар ақынның маржан сөздерін насихаттаса,ІІ бөлімде оқыған шығармаларының мазмұнын талдап,көркем шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті,кітап оқудың құндылығын паш етті. ІІІ бөлім Шерхан Мұртаза атамыздың “Бір кем дүние”прозасы бойыншы “Тәуекел” әңгімесінен қойылым көрсетілді.Соңында тыңдарман қауым алған әсерлерімен ой бөлісті.Мұндай тағылымы мол танымдық сағаттың өтілуіне мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Жексенбаева Баян Ниятуллақызы мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері,мектеп кітапханасының қызыметкерлері арқау болды.Іс-шара жоғары деңгейде өтті.Соңында арнайы дайындалған кері байланыс парағына тыңдармандар қатысушыларға өз пікірлері мен жақсы тілектерін жазды.Тағылымы мол іс -шара жалғасын тауып,әлі де өз оқырмандары мен тыңдармандарын кітап оқуға шақырады!…. Осындай танымдық іс-шаралар магниттік мектептерде де өткіліп отырса деген ұсыныс айтылды.

    Ана-әлемнің шамшырағы

    23.04.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 22.04.2024 жылы Алға орта мектебінің 10,11 сынып оқушыларының қатысуымен көктемгі сессия барысында, үйірме жетекшісі Б.Құсаинова «Ана- әлемнің шамшырағы» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағаттың мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті, сый- құрметті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Балалардың бойына ізгілік, инабаттылық, биязылыққа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу еді. Танымдық сағат барысында оқушылар ана туралы жыр арнаулары мен өлеңдерін оқып шықты. Мың бұралған бишілер мен жезтаңдай әншілер көрерменді тәнті етті.
    Алға орта мектебінің оқушылары «Кешір ана» көрінісін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Ораз Гүлназ ана рөлін сомдаса, Мұратханұлы Бекнұр баласының рөлін керемет алып шықты, жеткіншек баланың рөлін Қойбай Ерали алып шықса, келін рөлін тамаша сомдап шыққан Қырғызбай Інкәр көрермендерді таң қалдырды, Тілеумұратова Сарбиноз құрбы рөлін жоғары деңгейде көрсете білді. Ортаға күйшілер тобы шығып, қазақтың атақты күйші-композиторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйінің авторын бір минуттық үнсіздікпен еске алып барып «Ерке сылқым» күйін шертті. Күйшілердің сырын ұғыну үшін кейде күй әлеміне саяхаттағымыз келеді. Сол саяхатқа да сапар шеккендей күйде болдық. Танымдық сағаттың соңында оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын талқылап, аналарына алғыстарын жаудырды. Сахнада өнер көрсеткен оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.

    Денсаулық фестивалі

    23.05.2024ж
    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) көктемгі сессия барысында «Волейбол» үйірмесінің жетекшілері М.Мухиев, Р.Айтишев, М.Иманбаевтың ұйымдастыруымен тірек мектебі мен магниттік мектептердің 10-11сынып оқушыларының арасында түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыс комбинацияларын жалпылау және жетілдіру, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жарыс кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру, әрқашан барлық жағдайға дайын болу мақсатында «Волейбол» ойынынан жарыс өткізді. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Командалар сапқа тұрғызылып, әнұран орындалды. Мектеп директорының эксперименттік ісі жөніндегі орынбасары Б.Джексенбаева өз сөзінде жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Пазылбекова оқушыларға өз тілегін білдірді. Жарысқа Тірек мектебі және 4магниттік мектептерден араласып қатысып, жеребе тастау арқылы кім-кіммен ойнайтыны анықталды. Оқушылар жақсы көңіл күйде ойын көрсетіп, жарысты жиі өткізулерін сұрады. Оқушылар ойында жинаған ұпайларының нәтижесінде жүлделі орындарға ие болып, ойын барысында өз өнерлерімен көзге түскен мектеп оқушылары «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», үздік ойын көрсеткені үшін дипломымен марапатталды.
    Жарыс соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллақызы сөз алып, жарысқа қатысқан оқушыларға өз тілегін білдіріп, қорытындылады.



    Жеті атасын білмеген жетесіз

    15.04.2024ж
    10 сәуір күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) көктемгі сессия барысында тарих пәнінің мұғалімі Қ.Асенованың ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында « Жеті атасын білмеген жетесіз.. » атты тақырыбында танымдық сағат өтті. Танымдық сағат мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Жеті санының сырын ашу.
    Танымдық сағат Еңбекші орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қонысбай Аянаның "Жеті санының кереметі" тақырыбына дайындаған видеороликпен ашылды.
    Танымдық сағат соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Джексенбаева оқушыларға тәлімі мол тәрбиелі азамат (ша) болып өсулеріне сенім білдіріп, болашақтарының жарқын болуына тілектестігін айтып өтті. Сондай-ақ басқа да пән мұғалімдері де өз ризашылықтарын білдіре отырып, оқушыларға да жылы лебізін білдірді.
    \

    Туған жердің әр тасы қымбат маған...

    30.05.2024ж
    Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта(РО)мектебінде
    8-9сынып оқушыларының қатысуымен сессия барысында үйірме жетекшісі Ф.АБдукаимова «Туған жердің әр тасы қымбат маған...» атты сайыс өткізді.
    Мақсаты:
    Қазақстан Республикасының суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығын
    үлгі ете отырып, оқушыларды туған жерін сүюге,туған елін,оның ұлтжанды азаматтарын біліп,қастерлеуге үйрету.
    Оқушылары 2-топқа бөлінді
    «Тянь-Шань» және « Бұлақ» тобы болып қатысты.
    Сабақ барысында оқушылар өз білімдерін тапқырлықтарын көрсете білді.Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен «Бұлақ» тобы 1-орын иеленіп, дипломдармен
    марапатталды,
    сыйлықтар таратылды.
    Танымдық сағат соңында директордың эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н Джексенбаева
    оқушыларға тәлімі мол тәрбиелі азамат (ша)болып өсулеріне сенім білдіріп, оқушыларға жылы лебіздерін айтты.



    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки