Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің желісіне кіріктірілген магниттік шағын жинақталған мектептердің қысқы сессия жұмыстары басталуына орай тәжірибе алмасу мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінде 4 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Мықтыбекова Гүлзира Нұртазақызы Қазақстан тарихы пәнінен интеллектуалды ойын сабағын ұйымдастырып өткізді.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен өткізілген интеллектуалдық ойын сабағының мақсаты оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау. Ойын жүйелеп жеткізе алатын, өз тарихын білетін зерделі тұлғаны тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Сабақ интеллектуалды ойын түрінде өткізілді. Ойын барысында оқушылар топтарға бөлініп, әр топтан капитан сайланды.
І тур тапсырмасы Enter Title Jeopardy Template платформасында құпия ұяшықтар арқылы орындалды. Жасырын ұяшықтарды таңдау арқылы ежелгі заман, орта заман, жаңа заман сұрақтарына жауап беру арқылы ұпайлар жинады.
ІІ тур сөзжұмбақ форматында, ІІІ тур «Тұлғаны тани біл»-тарихи тұлғалар туралы мәлімет беру. Оқушылар сабаққа өте белсене қатысып, білімдерін көрсете білді. Сабақ өз дәрежесінде өтті.