М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қысқы сессия жоспарына сәйкес 5-ақпан күні «Биология интеллектуалды клубы» үйірмесінің жетекшісі Кайбагарова Нурзада және «Ғажайып химия» үйірмесінің жетекшісі Халық Айшабибі 9-сынып оқушылары арасында «Дара» зияткерлік сайысын өткізді. Сайысқа «Білім» және «Қыран» деп аталытын 2 топ қатысты.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1. Лабиринт. 2. Ұяшықтар сыры. 3. Маршмеллоу әдісі 4. Сиқырлы қорап 5. Химиялық есептер шығару. Нәтижесінде «Білім» тобы жеңіске жетті. Зияткерлік сайыс барысында оқушылардың бірігіп топпен жұмыс жасау қабілеті, сыни ойлау қабілеті, логикалық ойлау қабілеттері дамыды. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.