Ақпан айының 3 мен 28 аралығында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің айлығы өтеді. Ақпан айының 5 жұлдызында "Қазақ осы..." тақырыбында мектебіміздің Акт залында айлығымыздың ашылу салтанаты өткізілді. Танымдық кеш "Қазақ осы" әнімен ашылып, “Қазыналы себет” тренингімен жалғасын тапты. Сахна төрінде қазақы дастарқан жайылып, әжелеріміз ауылдың алты ауызын әуелете шырқады. Қазақы дастарқаннан бауырсақ, құрт, ірімшік, жент, май, тары, майсөк, қымыз-қымыран құйылды. Келген қонақтар дәмнен ауыз тиіп, өз ықыластарын білдірді. Ойынның келесі түрі “Асығың алшысынан түссін” ойынында ою астына жасырылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар белсенділік танытты. Танымдық сағатта дастарханға бата беріліп, қазақы күй ойнады. Кеш соңында мектеп әкімшілігіне сөз берілді. Мұғалімдеріміз кештің жоғары деңгейде өткенін, өздеріне салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы білгендерін толықтырғандарын жасырмады.Ақпан айы түгелімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларымен жалғасын табады.