Меню KDT

logo7.png?_=1

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    Кітап - дос, ақылшы ұстаз

    "Кітап - дос, ақылшы ұстаз"
    "Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады"
    "Мұхтар Омарханұлы Әуезов"

    *Кітап - дос, ақылшы ұстаз*
    *Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады*
    *Мұхтар Омарханұлы Әуезов*
    Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы- кітап. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша,жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы жеткен.«Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тыйылсақ,ой ойлаудан да тыйылар едік»,-деген екен сөз зергері Ғабит Мүсірепов.
    Біз кітаптың адамзат үшін маңызы қандай екенін ертеден білеміз. Себебі бәріміз де бала болдық. Ең алғашқы кітапты ата,әжеміз,әке – шешеміз оқып берді. Өмірдегі жақсы мен жаманның не екенін кітап арқылы танып, кітаптың адамның ақылшы ұстазы екенін де білдік. Бізде бала болдық. Біз кітапқа ұқыптылықпен қарайтынбыз. Кітаптың сыртын қаптап, бір бетінде жыртпай аса қамқор болғанбыз. Кітапты ұстаудың ережелерін бұлжытпай орындаумен қатар оқығанымды ұмытып қалмайын деп ұйықтағанда жастықтың астына қойып қоятын едік. Қайран, бала көңіліміз-ай! Бүгінде сол қастерлеген кітабымыз өмір майданында адастырмай, әркез айнымыс досымыз бен қимас серігіміз де болды. Ал бүгінгі жаһандану заманында кітаптың күйі қалай? Кітапты ренжітіп жүрген балалар бар ма екен? Кел, балам кітап оқып берейін деп айтатын ата – әже, әке-шеше бар ма?
    Жоқ, әлде рухани дүниені күйбің тірлік жеңіп жүр ме? Солай болуы да мүмкін. Адамға жақсыға қарай ұмтылу ешқашан кеш болмайды. Әлі де болса кітапты қолға алып ,оқып жол түзеп кетуге болады. Сондықтан да барлық балаларды кітап оқуға, данышпандыққа шақырамын.
    Біздің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде көркем әдебиет оқу бірнеше жылдан бері қолға алынып келеді, оқушыларымыз кітап оқуды ешқашан тоқтатқан емес. Сонымен қатар оқушыларымыздың ішінен топ жарып, кітап оқыған балаларымыз аудан, облыс, республика көлемінде жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, марапатталып жүргендері де бар. Оқ бойы озған оқушымыздың бірі Исабек Ақерке «Ең көп кітап оқитын мектеп» жобасына қатысып, диплом және сертификат ұтып алды. Бүгінде мектебімізде Ақеркенің қатары күннен күнге толығып, мектепішілік ұйымдастырылған «Мен оқыған бір кітап» жобасында кітапты оқып қана қоймай сынып жетекшілерімен бірге талдап, кейін оқыған шығармасы жайында эссе, күнделік жазу жұмыстары да жолға қойылған.
    Үнемі дәстүрге айналған көркем әдебиет жұмыстары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен батыр Бауыржан Момышұлының ерліктері жайында «Аңыз адам», «Кітап – біздің досымыз», «Кітап – қазына», «Кітап – дос, ақылшы ұстаз» т.б бірнеше тақырыптарда танымдық сағаттар, дөңгелек үстел мен конференциялар ұйымдастырып өткізді. Аталған іс-шараларға тірек мектебі мен магниттік мектеп оқушылары да қатысып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтары арта бастады.
    Сонымен бірге ерекше кітап оқыған, спортта, пән олимпиадаларында, мектептің қоғамдық жұмыстарында әрдайым алдыңғы қатардан топ жарған оқушыларымызды мектебіміздің 2014 жылғы түлегі Мұсалиев Сүйіндік Дүкенбайұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және Бизнес жоғары мектебі, Логистика мамандығын алып, қазіргі таңда жеке кәсіпкер «Дилхад» ЖШС директоры, 2015 жылғы түлек Шалғынбеков Еламан Қанатұлы әуесқой ММА-дан 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылы Азия чемпионы, қазіргі таңда «Кенжехан» ЖШС директорының орынбасары «Аға жақсы болса, ініге үлгі» деген қағиданы ұстанып, қаржылай сертификаттармен марапаттады. Мұндай қолдаулар оқушыларымызды қанаттандырады. Сондықтан түлектерімізге еңбекте табысты болыңыздар десек, шәкірттерімізге әрдайым оқуда озат, спортта алда, қоғамдық жұмыста белсенді болыңдар дейміз.
    *М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп директорының эксперимент ісі жөніндегі орынбасары: Джексенбаева Баян Ниятуллаевна*
    05.06.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки