"Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығының 47 тармақшасына сәйкес төмендегі құрамда мектепішілік сараптама кеңесі мектеп ұстаздары арасынан осы тізімде құрылды: Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кірді. Сараптамалық кеңес мүшелері тақ санынан тұрады, бірақ кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
Төрайымы: 1.География пәнінің мұғалімі Баетова Анар Ермекқызы (санаты педагог-шебер)
Мүшелері:
2.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміСолтанбаева Дуйсенкул Тлепбергеновна (санаты педагог-зерттеуші)
3.Биология пәнінің мұғалімі, бірлестік жетекшісі Медеубаева Айгерім Жуасбековна(санаты педагог-зерттеуші)
(санаты педагог-зерттеуші)
Хатшысы: Уразова Жансая Бактигереевна
Ереженің 45. тармақшасына сай Білім беру ұйымы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін педагогтердің материалдарын (портфолиосын) қалыптастырады және тиісті деңгейдегі Комиссияларға электрондық форматта ұсынады.
Материалдар (портфолио) педагогтің эссесін қамтиды. Эсседегі сөздердің саны 250-300 сөзден тұруы керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.
Сараптамалық топ жұмысы 2024 жылдың 11 маусымы күні жүргізілді
Сараптама отырысына мәлімденген деңгейі педагог-модератор санаты. Тоғыз педагогтың портфолиосы ұсынылды:
Осы аталған пән мұғалімдерінің портфолиосы қаралып, өздерінің мәлімденген біліктілік санатына қойылатын талаптарға сәйкес тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізді. «педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді деп, аттестаттау комиссиясына ұсынылды