Меню KDT

logo7.png?_=1

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)  Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық)» КММ
  • kz
  • ru
  •  

    «Сапта жүріп ән айту»

    М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 05.05.2025ж Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай 7- сынып оқушылары арасында мектепішілік «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізлді.
    Іс-шараға құрметті меймандармен қатар, ұстаздар, оқушылар қатысты.
    Жиын барысында алғашқы сөз алған мектеп директоры Сұланова Махаббат Төлегенқызы елдің тыныштығын, өткеннің өнегесін, болашақ ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін айрықша атап өтті. Жас ұрпаққа аманат етілген осы рухани мұра – ерлік пен елдікке бастар темірқазық екенін жеткізді.
    Қатысқан оқушылары сап түзеп, саптық шеру көрсетті. Жас ұландардың тізе қосқан жүрісі, әскери дайындық деңгейі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    Жас сарбаздар тактикалық әдіс-тәсілдер мен шұғыл әрекет ету машықтарын таныстырып, кәсіби шеберлікке тән дайындық үлгісін паш етті. Ерекше дайындықпен көзге түскен мектебіміздің 7 «В» сынып оқушылары үздік танылып, мақтау қағазымен марапатталдщы.


    06.05.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки