Ағымдағы жылдың мамыр айының 5 күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 5 «Д» сынып оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне орай «7 мая – День Защитника Отечества РК» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеуге,Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек екенін, отан қорғаушыларға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейтіні жайлы айтылды. Сынып сағаты барысында оқушылар патриоттық өлеңдерді жатқа оқып, бүгінгі мамыражай тыныш өмірді Отан қорғаушыларымыздың арқасында, берік бірлік нәтижесінде келгені туралы айтылды. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!