Ақпан айының 13-ші күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) директордың эксперимент - ісі жөніндегі орынбасары Жексембаева Б. Н., Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Абдикасимов К. Б., ағылшын тілі пәні мұғалімі Сырымбетова Ш. М. , 9 "Ә" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Кенесары Қасымұлының тұғанына 220 жыл" атты танымдық сағат жоғары деңгейде өтті.
Мақсаты: Қазақтың батыры, көшбасшысы, соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ерліктері туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту. Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу болатын. Осы мақсатта оқушылар Кенесары туралы жырларды, Кенесары монологын зор-толғаныспен көрермендердің жүрегіне жеткізе білді. Танымдық сағатта "Соңғы көш", "Кенесары ханның түсі" атты көріністер қойылды.
Ұстаздар, көрермен оқушылар Кенесары хан туралы білгендерін ортаға салып кері байланысқа шықты. Кештің соңында "Көк тудың желбірегені" әнін залдағы көрермендермен бірге шырқалды.